AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әйелдердің 35 жастан кейін бала туу көрсеткіші аза...

Әйелдердің 35 жастан кейін бала туу көрсеткіші азайып келеді – сарапшы

Әлеумет 18.11.2022, 15:22 1,310
Әйелдердің 35 жастан кейін бала туу көрсеткіші азайып келеді – сарапшы
Сурет: Inform.kz

Бала туу жасы 25-30 жас кезеңіне ауысып жатыр


Әйелдердің 35 жастан кейін бала туу көрсеткіші екі есеге жуық азайды. Бұл туралы Қазақстандағы ЮНФПА-ның жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі жобасының үйлестірушісі Гаухар Абуова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Атап айтқанда, бала туу көрсеткіші халық санының өсуі тұрғысында жеткілікті болып тұр. Сонымен қатар, демографиялық есептеулер аясында келер 20 жылда осы көрсеткіш тұрақты болуы мүмкін. Дегенмен, тұңғыш баласын әйелдердің біраз жасқа келгеннен кейін ғана өмірге әкелуі үрдісі байқалып отыр. Мұнымен қоса, отбасылар аз бала санымен ғана шектелетін жағдайлар жиілей бастады», - деді Г. Абуова отбасы, демография және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми конференция барысында.


Оның айтуынша, бұл тұрғыда белсенді бала туу жасы кейінгі уақытқа өзгере бастады.



«Осы орайда бізде белсенді бала туу жасы 25-30 жас кезеңіне ауысып жатыр. Ал 35 жастан кейін біз бала туу көрсеткішінің екі есеге жуық төмендегенін байқап отырмыз», - деді Г. Абуова.



Бұдан бұрын хабарланғандай, 17 қарашада елордада Отбасы, демография және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми конференция басталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бала туу #сарапшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Бүгін 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Бүгін 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Бүгін 19:08

Астанада кітапханалар желісі кеңейіп, оқырман саны 100 мыңға жетті

Бүгін 19:01

Әскери борышын өтеген мыңнан астам сарбаз грант иегері атанды

Бүгін 18:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика