AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Аяланың» баланы да, ата-ананы да қолдап келе жатқ...

«Аяланың» баланы да, ата-ананы да қолдап келе жатқанына 35 жыл

Әлеумет 14.02.2025, 11:22 1,293 Нұржамал ӘЛІШ 
«Аяланың» баланы да, ата-ананы да қолдап келе жатқанына 35 жыл
«Аяла» әлеуметтік қызметтер орталығы

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Аяла» әлеуметтік қызметтер орталығының қоғамдағы орны ерекше. Себебі, ол жүйке жүйесінде кінәраты бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5-18 жас аралығындағы мүгедек балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға үйінде әлеуметтік қызметтер көрсетеді. 

Орталықтың тағы бір артықшылығы –  жартылай стационарлық үлгіде жұмыс істеп,  әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық қызметтер көрсетіледі. Бұл дегеніңіз жұмыс істейтін ата-ана ауру баласына алаңдамай, орталыққа қалдырып, күндіз жұмысына кете береді. 

«Аяла» әлеуметтік қызметтер орталығының негізгі мақсаты – әрбір қызмет алушының жеке дамуын ескере отырып, оларды оңалту, күнделікті тұрмысқа да бейімделуіне көмектесу және қоғамға интеграциялау. Ал осынау жауапкершілігі жоғары жұмыстардың арғы жағында кемтар адамдарды күтіп-қарауда асқан сабыр мен төзімі, мейірімді де жылы жүрегі бар әлеуметтік қызметкерлер тұр.  

Алматының Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің еңселі ғимаратында әлеуметтік қызметкерлер төрге отырғызылып, құрмет көрсетілді. Осы мекеменің де, сырқат жан бағып отырған отбасылардың да ыстық-суығына бірдей төзіп, олармен қиын сәтте бірге болып, адал қызмет етіп жүргеніне 15 жылдан асқан ардагерлердің кеудесіне мерейтойлық медаль тағылды. «Алғыс хатпен» марапатталды. Құшақтары гүлге толды. Ән-жырдан шашу шашылды. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов 35 жылдық белестен өткен әріптестерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.


Зульфат ТАЛИПОВА, «Аяла» әлеуметтік қызметтер орталығының бөлімше консультанты:
– Бұл салада еңбек етіп жүргеніме жиырма жылдан асыпты. Қазір «Аяла» әлеуметітк қызметтер орталығының 1,5-18 жас аралығындағы мүгедек балаларға  үй жағдайында қызмет көрсету бөлімшесінің консультантымын. Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйіне барып қызмет көрсетеміз. Иә, әрине, оңай емес. Бірақ мүгедек жан бағып отырған ата-аналарға қоғамнан, айналасынан демеу, қолдау керек. Біз олармен қандай жағдайда да бірге екенімізді білдіреміз. Мен де мүмкіндігі шектеулі балалардың уақытының жақсы өтуіне үлесімді қосып жүргенімді мақтан етемін. Ақыл-есі төмен деген балалардың өзі үйге кіріп келе жатқанымызды дауысымыздан танып қуанады, күлімдеп, сені күткенін білдіреді. Ол да бір әдемі сәт қой. Сондықтан жылуымызды аямауға тырысамыз. Бәріміз бірдей бұл жұмысты қиынсынып кетіп қалсақ, ол жандарға кім қамқор болады?! Мемлекетімізге рахмет, осындай әлеуметтік топтағы адамдарды өз жағдайымен қалдырып қоймай, қолдау көрсетіп отырған. Осындай еңбегі бағалып, төсбелгі алған әріптестерімді мақтан етемін және барлық жақсылығына тілекшімін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Аяла» әлеуметтік қызметтер орталығы #қызмет #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);