ffin.kz

Ахуалың қалай, аймақтық БАҚ?

Ахуалың қалай, аймақтық БАҚ? Суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

Мегаполисте республикалық ІІ Өңірлік мерзімді басылымдар форумы өтіп жатыр


Алматы қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарының республикалық ІІ форумы өтіп жатыр. Екі күнге жоспарланған ауқымды іс-шараға еліміздің аймақтарынан ақпарат саласын дамытуға үлес қосып жүрген 100-ден астам медиа маман келді.


Форумның басты мақсаты – заманауи медиа саласы бойынша оңтайлы әдіс-тәсілдерді қарастырып, тәжірибе алмасу, мерзімді баспасөз саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікірталас алаңын ұйымдастыру.


Алқалы жиынның бірінші күні «Басылымдарда саналы контентті қалыптастыру», «Баспа басылымдарын танымал ету және тарату: аймақтық қырлары» және «Салалық журналистика» тақырыптарында панелдік отырыстар өтті.



–  Бұқаралық ақпарат құралдары – халық мен билік арасындағы алтын көпір. Сондықтан мемлекет ақпарат құралдарының еркін де сапалы жұмыс істеуі үшін әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Өңірдегі халықтың көңіл күйін жеткізетін тілшілер болғандықтан, аймақтағы ахуалдың бет-бейнесі жеткізілетін ақпараттың сапасына байланысты екені де белгілі. Екі күнді қамтитын форум өңірлерден келген ақпарат өкілдері үшін жемісті әрі тиімді болады деп сенемін», – деді алғашқы панелдік отырыста сөз алған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Мейірлан Раханов.



ІІ Өңірлік мерзімді басылымдар форумында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуаттары Қазыбек Иса мен Ермұрат Бәпи, ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары Ержан Байтілес, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков сөз сөйледі.


Алқалы топтың алдында «Alatau Aqparat медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы да сөз тізгініне ие болып, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында контент сапасын арттыру туралы ой-пікірлерімен бөлісті.



Форумның пленарлық отырысында «Жас алаш» газетінің Бас редакторы Алмас Нүсіп пен «Мысль» журналының Бас редакторы Асыл Сағымбаев сараптамалық материал жазудың стилі туралы сөз қозғаса, филология ғылымының докторы Орынай Жұбаева баспасөз беттерінде қате қолданылып жүрген сөздер мен тіркестер туралы тарқатты. «Дат» газетінің Бас редакторы Құтмағанбет Қонысбаев, «Курсив» газетінің шеф редакторы Татьяна Николаева, «Казахстанская правда» газетінің фототілшісі Юрий Беккер де тілші қауымының кәсіби шеберлігінің маңызды қырлары туралы тілге тиек етті.



Ал бүгін интернет русурстары мен әлеуметтік желідегі ақпараттар ағыны арасында мерзімді басылымдарды бәсекеге қабілетті ету, баспа басылымдарында YouTube арнасын қалай дамытуға болатыны, жасанды интеллект, басылымдардың балалар контентін қалыптастырудың идеологиялық шарттары мен тетіктері туралы ой-пікірлер сарапқа салынатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58