AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ағаш кескендерге айыппұл азаяды

Ағаш кескендерге айыппұл азаяды

Әлеумет 29.06.2022, 06:05 1,216
Ағаш кескендерге айыппұл азаяды
Сурет: Stan.kz

Мәжілісте заңнамаға осындай түзету енгізу ұсынылды.


Заңсыз ағаш кескен жағдайда салынатын айыппұлдың мөлшері азаймақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мәжіліс депутаттарына Қазақстанның Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейтуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын бірінші оқылымда таныстырған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев заңсыз ағаш кесудің айыппұл мөлшері өзгеретінін мәлім етті.



«Заңсыз ағаш кесудің тұрақты динамикасын ескере отырып, заң жобасында мынадай көрсеткішті төмендету ұсынылады. Елеулі залал 100-ден 50 АЕК-ке дейін, ірі залал 1000-нан 500 АЕК-ке дейін азайтылмақ. Ал аса ірі залал көрсеткіші өзгеріссіз қалады және 2000 АЕК-ті құрайды»,- деді Серікқали Брекешев.



Сондай-ақ, ол Қлымыстық кодекстің 324, 325, 326, 328, 329, 330 және 333-баптарындағы «Экологиялық залал» термині «залал» деген ұғыммен ауыстырылғанын атап өтті.



«Өйткені қылмыстық заңнамада құқықтық анықтамасы жоқ. Қоғамдық қауіпті зардаптарды анықтауға қатысты ұғымдар Қылмыстық кодексте «ірі залал және iрi мөлшерде» және «ерекше iрi залал және аса iрi мөлшерде» деп бекітілген», - деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #ағаш #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Брайль қарпіндегі кітап пен аудиокітап шығару технологиялары таныстырылды

Бүгін 16:32

Алматы әкімі Әуезов ауданын жұмыс сапарымен аралап, тұрғындармен кездесті

Бүгін 16:21

«MasterSkills – 2026» нан пісіру өнері мен педагогтердің кәсіби шеберлігі

Бүгін 16:19

Алматыда ақын Кеңшілік Мырзабековті еске алу кеші өтті

Бүгін 15:34

Ұлттық құндылықтар – адами капиталды дамытудың негізі

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);