конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / «Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа К...

«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды

Жаңа Конституция Бүгін 19:54 39 yakiya
«Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуі талқыланды
adilet-partiyasy.kz

Бүгін «Әділет» партиясында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған партия активінің кездесуі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оған партияның Саяси бюросы мен Саяси кеңесінің мүшелері, сондай-ақ еліміздің барлық 20 өңірінің өкілдері бейнеконференция байланысы арқылы қатысты. Бұл формат партияның ұйымдастырушылық қызметіне цифрлық құралдарды енгізу бағытының бір бөлігі.

Кездесуді ашқан Партия Төрағасы жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекет дамуының маңызды кезеңі екенін және елдің қоғамдық-саяси дамуының жаңа бағдарларын айқындайтынын атап өтті.

«Бүгін – Қазақстан үшін сондай айтулы белес. Елімізде Жаңа Конституция күшіне енді. Бұл – жай ғана құқықтық оқиға емес, Қазақстанның тарихи дамуындағы жасампаздық пен жаңғыру жолының бастауы», - деді Айбек Дәдебай.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік басқаруда конституциялық қағидаттарды іске асыру, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау, адами капиталды дамыту, цифрландыру және қоғамның қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады.

Партияның Саяси кеңесі мен Конституциялық комиссиясының мүшелері Бөріхан Нұрмұхамедов пен Лаура Қарабасова да жаңа Конституция елдің одан әрі дамуы үшін маңызды екенін жеткізді.

«Әділет» партиясы жаңа Конституцияның партиясы ретінде дүниеге келді. Оның конституциялық референдумнан кейін пайда болуының терең саяси мәні бар», - деді Бөріхан Нұрмұхамедов.

Лаура Қарабасова Ата Заң білім, ғылым және адами капиталдың елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін негізгі фактор ретіндегі маңызын арттыратынын айтты.

«Бүгінде біз адами капитал мен ғылыми әлеует мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының негізгі факторына айналған тарихи кезеңде тұрмыз. Жаңа Конституция білім мен ғылымның рөлін жаңа деңгейге көтереді», – деді ол.

Талқылаудың бір бөлігі конституциялық құндылықтарды іс жүзінде жүзеге асыру мәселесіне арналды. Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті, Саяси кеңес мүшесі Эмин Әскеров әлеуметтік кәсіпкерліктің әділдік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілетудегі маңызын атап өтті. Ал Саяси кеңес бюросының мүшесі Замира Кузиева жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, заң үстемдігі қағидатын нығайтатынын айтты.

«Жаңа Конституция – бұл әділетті, жауапты, заманауи мемлекет құру жолындағы маңызды қадам. Ол әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғауды, заң үстемдігін күшейтуді және мемлекет жұмысының басты өлшемі адам мүддесі болуы тиіс екенін айқын көрсетеді», - деді Замира Кузиева.


Цифрлық трансформация мәселесіне тоқталған Саяси кеңес мүшесі Нұрбек Матжани жаңа Конституцияның заманауи технологиялық сын-қатерлерді ескеретінін айтып, «Әділет» партиясы өз жұмысына цифрлық құралдарды жүйелі түрде енгізіп келе жатқанын жеткізді.

«Әділет партиясы өз алдына цифрлық партия болу міндетін қойып отыр, алғашқы қадамдарымыз да жаман емес. Тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші болып партияны тіркеу сатысында цифрлық шешімдерді сәтті қолданды», -деді Нұрбек Матжани.

Талқылауды Саяси кеңес бюросының мүшесі, журналист Ирина Тен қорытындылады. Оның пікірінше, жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекет пен қоғам дамуының жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді

«Жаңа Конституция – Жаңа дәуір деген атау жай ғана ұран емес. Бұл – Қазақстанның болашағына, мемлекет пен қоғамның жаңа сапасына, азамат құқығы мен адам қадір-қасиетіне деген жаңаша көзқарастың көрінісі», - деді Ирина Тен.

Партия Төрағасы «Әділет» партиясының басты басымдығы жаңа Конституция қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыру екенін атап өтті.

«Әділет» партиясы қоғаммен және азаматтарымызбен бірге осы жауапты миссияны орындауға толық дайын. Жаңа Конституцияның қағидаттары біздің қызметіміздің негізінде жатыр. Біз жинаған тәжірибе мен қолдағы барлық ресурстар осы қағидаттарды іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталады», - деп түйіндеді Айбек Дәдебай.

Кездесу қорытындысы бойынша партияның Саяси кеңесі Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдеме қабылдап, әділдік, заң үстемдігі, адамның қадір-қасиетін құрметтеу, қоғамдық келісім және ел болашағы алдындағы жауапкершілік қағидаттарына адалдығын растады.

Осы жұмыстың практикалық жалғасы ретінде «Жаңа Конституция – Жаңа дәуір» атты қоғамдық-саяси іс-шаралар циклі басталды. Алдағы уақытта партия өкілдері еліміздің барлық өңірінде азаматтармен және сарапшылар қауымдастығымен кездесу өткізіп, жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен олардың практикалық маңызын түсіндіреді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттің заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу құқығы конституциялық деңгейде бекітілді

Бүгін 19:58

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

Бүгін 18:30

Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік тулармен, арт-перформанстармен және бұқаралық акциялармен атап өтілді

Бүгін 17:40

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Бүгін 17:36

Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің берік тұғыры

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);