Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызмет жүйесін...

Әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызмет жүйесіндегі орны мен рөлі

Әлеумет 17.09.2025, 14:14 287
Әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызмет жүйесіндегі орны мен рөлі
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы№ 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

 Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің сапасы мен беделі қоғамның мемлекеттік билік институттарына деген сенімімен тікелей байланысты. Осыған орай мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы маңызды талап болып табылады. Мемлекеттік қызмет жүйесінде аталған бағытты қамтамасыз ету мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл институты құрылған. Бұл институт мемлекеттік аппараттағы тәртіп пен мәдениетті нығайтуға, сондай-ақ қоғам тарапынан сенімді арттыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда Алматы қаласының мемлекеттік органдарында Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын 33 мемлекеттік қызметші атқарады:

•        1 — Алматы қаласы әкімі аппаратының органдарында Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы,

•        22 — аумақтық мемлекеттік органдарында,

•        10 — аудандық деңгейлерде.

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі мынадай негізгі бағыттарды қамтиды:

1.     Кеңес беру және түсіндіру қызметі. Мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларын сақтау, мінез-құлық стандарттарын дұрыс қолдану мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.

2.     Қадағалау және мониторинг. Әдеп кодексінің талаптарын сақтау барысына бақылау жүргізеді және анықталған бұзушылықтар туралы тиісті шаралар қабылдайды.

3.     Дау-дамайларды реттеу. Ұжым ішінде туындаған әдепке қатысты мәселелерді қарастырады, тараптарды келісімге шақырып, бейтарап шешімдер қабылдауға ықпал етеді.

4.     Алдын алу шаралары. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, әдепке қайшы әрекеттердің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады.

5.     Ұжымдық ахуалды нығайту. Мемлекеттік қызметшілер арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға, моральдық-психологиялық жағдайды жақсартуға жағдай жасайды.

          Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі мемлекеттік аппараттағы тәртіптің нығаюына және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасының жоғарылауына ықпал етеді. Оның қызметі нәтижесінде:

  • мемлекеттік қызметтің беделі артады;
  • халықтың билік институттарына деген сенімі күшейеді;
  • мемлекеттік қызметшілер арасында заңдылық пен әдептілік принциптері орнығады;
  • еңбек ұжымдарында жағымды ахуал қалыптасады.

Әдеп жөніндегі уәкіл – мемлекеттік қызмет жүйесінде маңызды институт. Ол мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауға бағытталған іс-шараларды үйлестіреді, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етеді. Осы институттың тиімді қызметі мемлекеттік аппараттың имиджін нығайтып, қоғамның сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

                   Департаментпен Әдеп жөніндегі уәкілдердін жұмыстарын үйлестіру тұрақты түрде жүргізуліде.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#уәкіл #әдеп жөніндегі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика