«Адель» балабақшасы – заманға сай білім ордасы

«Адель» балабақшасы – заманға сай білім ордасы almaty-akshamy.kz

Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күні қарсаңында Алматыда бірқатар нысандардың ашылу салтанаты болды. Солардың бірі – Түрксіб ауданындағы «Адель» балабақшасы. Қазіргі заманға сай етіп салынған зәулім балабақша 1 шілдеден бастап бүлдіршіндерге есігін айқара ашты.



Түрксіб ауданында қаланың басқа да аудандары секілді мектеп жасына дейінгі балаларға арналған білім ордасы тапшылау, балабақшаларда орындар да шектеулі екені рас. Сондай-ақ балабақшаның құрылысын қолға алған мердігерлердің айтуынша, бұл ауданда балалар мен олардың ата-аналарына жайлы, жаңа заманның талаптарына жауап беретін, инновациялық, озық балабақшалар жоқтың қасы. Ал жас ұрпақтың білімді болуы үшін оларға берілген білім мен тәрбиенің іргетасы мықты болуы керек. Сондықтан мектепке дейінгі білім ордасының сапалы болуы аса маңызды. 



Түрксіб ауданының шеткері жағында, Сүйінбай көшесінің төменгі тұсында орналасқан «Адель» балабақшасының орнында бұрын типтік балабақша болған еді. Кеңестік кезеңнен қалған балабақшаның тозығы жетіп, әбден ескірген болатын. Мердігер осы балабақшаның аумағын түгелдей өз меншігіне алып, ескі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізді, жапсарлас құрылыс жүргізді. Балабақшаның құрылысына шамамен 50 миллионнан астам қаржы жұмсалған.



Балабақша негізінен орыстілді балаларға арналған. Алайда мұнда қазақ тілі мен ағылшын тілдері тереңдетіліп оқытылады. Сурет, музыка, спорт үйірмелері де қарастырылған. Болашақта балабақша жанынан балаларды дамыту орталығы және мектеп ашу жоспарланып отыр. 



Лариса Андреевна, «Адель» балабақшасының мердігері:


Балабақша мен үшін бизнес емес...



  • Осыдан бірнеше жыл бұрын мен Түрксіб ауданынан немеремді беретін балабақша іздедім. Мемлекеттік те, жеке меншік те балабақшаларды аралап көрдік, бірақ көбі көңілімізден шыға қоймады. Балабақша ең алдымен балаларға өз үйіндей жайлы, әдемі болуы керек және ол жерде өз жұмысын және балаларды жақсы көретін адамдардың жұмыс істегені маңызды. Сол кезде неге өзіміз қалағандай балабақша ашпасқа деген ой келді.


Балалар – біздің болашағымыз. Олар жақсының бәріне лайық деп ойлаймын. Сондықтан осыдан төрт жыл бұрын ескі балабақшаны қайта жаңғыртуға күш салдық. Екі жыл бойы жөндеу жұмыстары жалғасты. 2019 жылдың наурызында ашамыз ба деген кезде пандемияға сәйкес кеп қалды. Сонымен ашылуын кейінге қалдырдық. Міне, биыл балабақшаны ашуға бел будық. Өйткені ештеңеге қарамастан балалар өсіп келеді, оларға жақсы білім мен тәрбие беретін білім ордасы қажет. Бізді қолдап, барынша қол ұшын берген білім басқармасына алғысымызды білдіреміз. Мен тәрбиешілер мен басқа да қызметкерлерді жұмысқа өзім таңдаймын. Білімдеріне, тәжірибелеріне, мамандықтарына деген адалдығына қатты мән беремін. Қызметкерлеріміздің білімі мен білігін үнемі тереңдетіп отыруға тырысамыз. Балабақша ашудағы мақсатымыз - табыс тауып, кәсіпті дөңгелету емес, жас ұрпақ үшін сауапты іс жасап, мемлекеттің өркендеуіне тамшыдай болса да үлесімізді қосу.


 


Айсұлу Амангелдіқызы, Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары:



  • Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, елорданың туған күнінің құрметіне қаламызда көптеген балабақшалар ашылуда. Қаланың Алатау, Наурызбай, Түрксіб аудандарында жаңа балабақшалар ашылып жатыр. Соның бірі - осы «Адель» балабақшасы. Көріп отырғандарыңыздай, балабақша өте керемет салынған, әрбір бөлшегі талғаммен жасалған. Бұл балабақша байқаудан өтіп, мемлекеттік тапсырыс алғалы жатыр. Байқауға барлығы 136 балабақша қатысты, соның ішінде мектепке дейінгі білім ордаларының 40-ы мемлекеттік тапсырысқа ие болды. Бүгінде ең маңыздысы - 3 пен 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен толық қамтамасыз ету. Қазір қала бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтамасыз етілуі – 89,5 пайыз. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 91 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Жалпы, 2025 жылға дейін балалар 100 пайыз балабақшамен қамтылуы тиіс.


 


Қалалық білім басқармасы өкілінің айтуынша, қазір балабақшаларға мемлекет тарапынан, жергілікті билік тарапынан барынша жағдай жасалуда.  Алғашқы кездерде жеке меншік балабақшаларға қиын еді. Қазір уақыт өткен сайын бәрі жеңілдеді. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік тапсырыстан бөлек балабақшаларға басқа қандай көмек көрсете аламыз деп Білім министрлігіне хат жазды. Осыдан кейін бұйрыққа аздаған өзгерістер енгізіліп, жергілікті басқару орындары балабақшалардың тамағын толық және ішінара субсидиялауға мүмкіндік берді. Бұл дегеніміз - ата-аналарға жасалған үлкен жеңілдік.   


Бұрын мемлекет «Балапан» бағдарламасын 3 жастан асқан балаларға арнап жасаған болатын. Қазір 2 жастан асқан балаларға да рұқсат етілді.


 



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:15

19:50

19:26

19:23

19:21

19:17

19:16

19:12

18:45

18:15

17:55

17:50

17:35

17:20

17:10

16:38

16:14

15:24

14:59

14:39

14:38

14:06

13:06

13:04

12:59