AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Адам баласының ризығы

Адам баласының ризығы

Әлеумет 01.04.2024, 07:09 890 Сакен Сыбанбай
Адам баласының ризығы
Сурет видеодан алынды

Ораза үстіндегі ой


Он сегіз мың ғаламның иесі Алла-Тағала адам баласын Хауа ананың құрсағында бір тамшы судан жаратқанда, бір періштеге әмір беріп: «Мен ұлық қып, ерекше саналы ғып топырақтан жаратқан адамның ұрпағы анасының құрсағында жатқанда, жын-пері иектеп, мүгедек, кемтар қылып жүрмесін, жарық дүниенің есігін ашқанша күзетіп тұруды саған аманат етемін», – депті.


Айы, күні толған соң да, нәрестенің ана құрсағынан шығатын сыңайы байқалмапты. Тіпті күзетші-періштеге: «Мен мына жылы да жайлы жерден ешқайда шықпаймын. Жарық дүниеде не жақсылық бар? Ыстық-суыққа күйіп-тоңып, бір аяқ асқа бола кетпен арқалап, азапқа түскенше, осында жатқаным артық», – деп салыпты. Періште өз қызметін тәмам қылғанын, бірақ нәресте ана құрсағынан шықпай жатып алғанын Жаратушыға баян етеді. Сонда Алла-Тағала айтқан екен: «Иә, періштем, өзіңе тапсырған қызметті адал атқардың. Енді пейішке бар да, одан бір уыс дән алып, бір түйірін жаңағы нәрестеге бер. Ол дәннің дәмін татып көреді де, тағы сұрайды, сол кезде дәнді көрсетсең, жарық дүниеге шығуға өзі-ақ әрекет жасайды».


Періште пейішке барып, Алла-Тағаланың әмірін орындап, бір уыс дән алып келеді. Бір түйірін нәрестенің аузына салады. Ол тағы сұрағанда, дән ұстаған қолын өзіне қарай тартып, соза беріпті. Осылай амалын тауып, нәрестені жарық дүниеге шығарған періште уысындағы дәнді құлашы жеткен жерге дейін шашып жіберсе керек. Сол дәндер – адам баласының ризығы екен. Әр пенде сол ризық-дәнді теріп, өмір сүреді дейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#адам #ғалам #періште
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);