AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Әбіл» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар-2027» сый...

«Әбіл» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар-2027» сыйлығына ұсынылды

Мәдениет Бүгін 14:27 76
«Әбіл» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар-2027» сыйлығына ұсынылды
Фото: Қазақстан киногерлер одағы

Фильмінің оқиғасы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Қазақстандағы ауқымды қоғамдық және экономикалық өзгерістер кезеңінде өрбиді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан киногерлер одағы жанындағы Қазақстанның Оскар комитеті режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмін 2027 жылы өтетін Америка кино өнері және ғылымдары академиясының 99-шы Academy Awards («Оскар») сыйлығына Қазақстан атынан ұсыну туралы шешім қабылдады. Картина Best International Feature Film («Үздік халықаралық толықметражды фильм») санаты бойынша ұсынылып отыр.

Қазақстанның Оскар комитетінің құрамына еліміздің төрт кәсіби қоғамдық ұйымының – Қазақстан киногерлер одағының, Ұлттық кино өнері және ғылымдары академиясының, Қазақстан кинематографистер лигасының және Қазақстан киносыншылар қауымдастығының өкілдері кірді. Қазақстан атынан «Оскар-2027» сыйлығына ұсынылатын фильмді таңдау туралы шешім Комитет мүшелерінің өтінім берген картиналарды қарастыру қорытындысы бойынша қабылданды.

«Әбіл» фильмінің оқиғасы 1993 жылы, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі Қазақстандағы ауқымды қоғамдық және экономикалық өзгерістер кезеңінде өрбиді. Оқиғаның басты кейіпкері – бүкіл ғұмырын колхозда еңбек етумен өткізген шопан Әбіл. Шаруашылық таратылып, жекешелендіру басталған кезде кейіпкердің үйреншікті өмірі күрт өзгереді. Жылдар бойғы еңбегінің өтеуі ретінде өзіне тиесілі әділ үлесін алуға үміттенген Әбіл жаңа шындықпен бетпе-бет келіп, өз қадір-қасиетін қорғауға мәжбүр болады.

Қарапайым адамның тағдыры арқылы фильм авторлары Қазақстанның жаңа тарихындағы ең күрделі кезеңдердің біріне – бұрынғы өмір салты ыдырап, жаңа экономикалық және қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған уақытқа назар аударады. Әбілдің оқиғасы үлкен өзгерістер дәуіріндегі әділет, адамдық қадір-қасиет, отбасы және адамгершілік таңдау туралы ой қозғайды.

Фильмдегі басты рөлді Ерлан Төлеутай сомдады. Сценарий авторы әрі қоюшы режиссер – Елзат Ескендір. Қоюшы оператор – польшалық кинооператор Йоланта Дылевска.

Қазақстан Оскар комитетінің төрағасы, режиссер Данияр Саламат комитеттің таңдауына қатысты пікір білдірді:

«Біріншіден, «Әбіл» – көркемдік тұрғыдан анағұрлым жоғары әрі шынайы фильм. Екіншіден, өз елінің көрермендерінің ықыласына бөленумен қатар, әлемдік додада – халықаралық кинофестивальдерде де өзінің мықтылығын түрлі жүлделер арқылы дәлелдеген туынды. Үшіншіден, «Әбілден» өзге үміткерлер жанрлық бағыттағы дүниелер болғандықтан, бұл фильм бәрібір өзінің көркемдік болмысымен ерекшеленіп тұрар еді», – деді Данияр Саламат.

Қазақстан Оскар комитетінің мүшесі, кинотанушы Дана Әмірбек басты рөлдегі актердің ойыны мен фильмнің визуалдық шешіміне тоқталды:

«Ерлан Төлеутайдың ойыны фильмнің салмағын көтеріп тұр. Кейіпкерінің ішкі күйін артық сөзге салмай, әсірелемей, барынша табиғи жеткізеді. Йоланта Дылевсканың операторлық жұмысы да осы байыпты режиссурамен қабысады. Фильмнің халықаралық фестивальдерде көрсетіліп, актерлік ойын мен операторлық жұмыстың жоғары бағалануы да «Әбілдің» өзге жұрттың көрерменіне жат емес екенін аңғартты», – деді Дана Әмірбек.

«Әбіл» фильмінің әлемдік премьерасы Busan International Film Festival халықаралық кинофестивалінде өтті. Кейін картина Азия мен Еуропадағы халықаралық кинофестивальдерге қатысып, бірқатар жүлдеге ие болды.

Францияда өткен Vesoul International Film Festival of Asian Cinemas фестивалінде «Әбіл» бірден үш жүлдені – Grand Jury Award, Critics’ Jury Prize және NETPAC Jury Prize марапаттарын иеленді. Басты рөлді сомдаған Ерлан Төлеутай Bishkek International Film Festival және Silk Road International Film Festival халықаралық кинофестивальдерінде үздік ер адам рөлі үшін марапатталды. Сондай-ақ картина Дананг пен Даккада өткен халықаралық кинофестивальдерде жүлделерге ие болды.

Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының базасында түсірілген. «Әбіл» 2026 жылдың маусым айында Қазақстан кинотеатрларында кең прокатқа шықты.

Енді «Әбіл» фильмі 99-шы Academy Awards сыйлығының Best International Feature Film санатындағы номинацияға үміткер ретінде Қазақстанды ресми түрде таныстырады.

Фильмнің «Оскар» бәйгесінің келесі кезеңдеріне өтуі туралы түпкілікті шешімді Америка кино өнері және ғылымдары академиясы сыйлықтың қолданыстағы регламентіне сәйкес қабылдайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп, Бостон марафонында жеңіске жеткен танымал жапон жүгірушісі Алматыға келді

Бүгін 15:12

Алматы полициясы айып тұрағынан көлігін алып қашқан жүргізушіні ұстады

Бүгін 15:10

Алматы мен Чунцинді жаңа тікелей әуе рейсі байланыстырды

Бүгін 15:05

Алматыда «Нәрестелер аллеясы» ашылды

Бүгін 14:08

Қарағандыда зейнеткердің үйінен ноутбук пен әшекей бұйымдар ұрланды

Бүгін 14:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);