AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Абайлаңыз, жұқа мұз!»

«Абайлаңыз, жұқа мұз!»

Әлеумет 07.12.2022, 07:41 1,229
«Абайлаңыз, жұқа мұз!»
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы құтқарушылары қыс маусымында қаланың су қоймаларында рейд жүргізуде


Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Исхар Савазов қыс маусымындағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Ауа температурасының төмендеуінен су қоймаларында мұз пайда болады, бірақ ол адам салмағын көтере алмайды. Жыл  сайын жұқа мұз адамдардың өліміне себеп болып жатады. 


Спикер қыс мезгілінде су айдындарында адамдардың қаза болуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар басқармаларымен, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, «Абайлаңыз, жұқа мұз!» «Балық аулауға тыйым салынады!» сияқты тыйым салатын 22 белгі орнатқанын атап өтті. Сонымен қатар, өткен күзгі-қысқы кезеңде 120 рейд жүргізіліп, 1500-ге жуық жадынама таратылды.



«Балық аулайтын дүкендер мен балық аулау құралдары сатылатын орындарда 300-ден астам жадынамалар таратылды. Күн сайын халық көп жиналатын білім беру, денсаулық сақтау нысандарында (СОСО, сауда үйлері, халыққа қызмет көрсету орталығы, вокзал, әуежай, метрополитен), сондай-ақ Алматы қаласының жол бойында орнатылған барлық смарт тақталар мен LED-экрандарда «Абайлаңыз, жұқа мұз!» тақырыбында бейнероликтер көрсетіледі», - деді И.Савазов.



Сондай-ақ, И.Савазов күн сайын мемлекеттік және орыс тілдерінде күніне екі рет «Радио Сити» және «Народное Радио» арналарында тақырыптық аудиожазба таратылғанын, «Алматы» телеарнасында бейнероликтер көрсетілгенін айтты. Қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ үсік шалғанда алғашқы медициналық көмек көрсетуге машықтандыруға бағытталған интерактивті сабақтар өткізілді.


 Алматы қаласының Төтенше жағдайлар бойынша департаменті қыс маусымында қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске сақтауға кеңес береді: 
-   Мұзға қараңғы кезде және нашар көрінетін кезде шықпаңыз; 
-   су айдындарының қоршалмаған және қорғалмаған жерлерінен өтуге немесе көлікпен жүруге тыйым салынады;
-   балық аулау үшін немесе басқа мақсатта мұзды тесуге, оюға тыйым салынады; 
-   мұз үстіне жалғыз шықпаңыз; 
-   мұздың қаттылығын аяқпен тексермеңіз;
-   абай болыңыздар, қар астында жылым, жарықтар немесе тесіктер болуы мүмкін;
-   егер астыңызда мұз жарылып, жарықтар пайда болса, қорқып, қауіптен қашудың қажеті жоқ,  мұздың үстіне баяу жатып, қауіпсіз жерге домалау керек;
-   егер жылымға түссеңіз, үрейге бой алдырмаңыз, мұз үстіне қолдарыңызды кеңінен ашқан күйі жылжыңыз; 
-   құтқару кезінде жылдам әрі шешімді түрде, бірақ барынша байқап әрекет етіңіз. Құтқарушы құралды 3-4 метрлік қашықтықтан беріңіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құтқарушылар #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);