AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ABAI UNIVERSITY жас ғалымдары көптен күткен баспан...

ABAI UNIVERSITY жас ғалымдары көптен күткен баспанаға ие болды

Әлеумет 17.01.2024, 10:56 1,650
ABAI UNIVERSITY жас ғалымдары көптен күткен баспанаға ие болды
Сурет: Абай университетінің баспаөз қызметі

2023 жылдың желтоқсанында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Отбасы Банк» АҚ-мен бірлесіп жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасын іске қосты.


Бағдарлама жас ғалымдарға бүгінгі күннің қажеттілігі болып табылатын алғашқы баспанаға қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Бұл келісім Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысында берілген Мемлекет басшысының  тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.



Абай университетінде осы бағдарлама аясында Өнер, мәдениет және спорт институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, PhD Карима Сейтбекова, Математика, физика және информатика институтының оқытушылары Салтанат Мейманкулова және Айкенже Жамкеева, Тарих және құқық институтының оқытушылары Айзада Берікболова мен Мадина Амандосова баспаналы болды.


«Отбасы банк» АҚ университеттің тағы 7 жас ғалымының құжаттарын мақұлдады, бұл бастаманың тиімділігі мен қажеттілігін растайды. Абай университетінің жас ғалымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне, университет басшылығына қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Бұл бағдарлама дарынды ғалымдар үшін жайлы баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың Қазақстандағы ғылымның дамуына қосқан үлесін ынталандырады. 
Еске сала кетсек, тұрғын үй бағдарламасына гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми - техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына қатысуды қоса алғанда, кемінде үш жыл ғылыми-зерттеу жұмыс өтілімен, магистр деңгейінен төмен емес, тұрғын үйге мұқтаж жас ғалымдар қатыса алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай университеті #жас ғалымдар #баспана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);