Абай Құнанбайұлының алғаш жарық көрген кітабы табылды

Абай Құнанбайұлының алғаш жарық көрген кітабы табылды Сурет: Almaty.tv

Ең алғашқы жинағының бір данасы.


Павлодар облысында Абай Құнанбайұлының алғаш жарық көрген кітабы табылды. Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


Сирек кездесетін басылымды Ертіс ауданындағы ардагер ұстаз Нұрболат Әбутәліпов музейге сыйға тартты. Ол бұл кітапты атасынан алып, осы күнге дейін сақтап келген.



«Бұл кітап — Абай Құнанбайұлының 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында басылып шыққан ең алғашқы жинағының бір данасы. Кітап хәкім өзі дүниеден өткеннен соң 5 жылдан кейін жарық көрген», — деді музей директоры Ербол Қайыров.



Шара барысында абайтанушы Даниял Әсенов ақынның өлеңдерін оқыды және Абай әндері шырқалды.


Аталған кітап енді музей қорында сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:49

11:37

11:16

11:09

10:56

10:47

10:41

10:26

10:10

09:59

09:45

09:18

09:07

08:55

08:36

20:21

19:19

18:16

18:03

17:58

17:41

17:39

17:33

17:23

17:17