AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Абай атындағы ҚазҰПУ-да педагогикалық сынып оқушыл...

Абай атындағы ҚазҰПУ-да педагогикалық сынып оқушыларымен кездесу өтті

Әлеумет 23.12.2022, 05:42 1,791
Абай атындағы ҚазҰПУ-да педагогикалық сынып оқушыларымен кездесу өтті
almaty-akshamy.kz

2022 жылдың 22 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Педагогикалық сынып» жобасының жартыжылдық есебі бойынша педагогикалық сынып оқушыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Іс-шараға жоба идеясының авторы, ректор Дархан Біләлов, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов, Академиялық мәселелер департаментінің директоры Хайрулла Жанбеков, №81 мектеп-гимназиясының директоры Нұрғали Тұрымбетов және республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Ержан Өмірханов, жоба жетекшісі, профессор Бауыржан Сайдахметов, Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика-математика лицей-интернатының және​ И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектеп өкілдері (50 оқушы) қатысты.



Дархан Біләлов болашақ ұстаздарды құттықтап, еліміздегі тұңғыш оқу орнының жетістіктерімен бөлісті. Ректор 95 жылға жуық терең тарихы бар университет халықаралық және отандық рейтингтерде педагогика саласында көшбасшы болып табылатынын, жоғары оқу орны қабырғасында Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Халел Досмұхамедов, Ілияс Қабылов, Баймен Алманов, Темірбек Жүргенов сияқты ұлы тұлғалар сабақ бергенін атап өтті. Тұңғыш университет Қазақстанда алғашқылардың бірі болып білім беру саласында жаңа технологияларды енгізу арқылы заманауи педагогикалық кадрларды қалыптастыру, оның ішінде мектеппен байланысты нығайту, тьюторларды даярлау, цифрлық еріктілер мен Honors College құру, педкласстар ашу бойынша қызықты және пайдалы жобаларды іске қосты.



Іс-шара барысында 4 мектептің педагогикалық сынып оқушылары өз жобаларын ұсынып, педагог тұжырымдамасын талқылады, педагогикалық сынып туралы өз әсерлерімен бөлісті, педагог мамандығы туралы өз пікірлерін білдірді. Алты ай ішінде алған дағдыларын қолдана отырып, олар икигай, рефлексия, кері байланыс және педагог стилі туралы түсініктерді талдап, заманауи мұғалімнің жаңа тенденциялардағы келбетін анықтап, оны өз бойында сезінді. Болашақ педагогтар университет басшылығына және жоба жетекшісі Бауыржан Сайдахметовке алғыстарын білдірді



Төрт мектеп командаларының жобалары бойынша Дархан Біләлов, Шыңғыс Нұрланов, Ержан Өмірханов және Нұрғали Тұрымбетов болашақ мұғалімдер «Педагогикалық сынып» жобасының үздік нәтижесі болып табылатынын және оның болашағына сенім білдіретіндерін атап өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Педагогика #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада Қазақстанның атом саласының ардагерлері мен мамандарына құрмет көрсетілді

Бүгін 10:25

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Кеше 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Кеше 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Кеше 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Кеше 17:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);