AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / 99 киножобаның ашық қорғауы Алматыда өтеді

99 киножобаның ашық қорғауы Алматыда өтеді

Мәдени Алматы 01.06.2025, 14:02 1,113 yakiya
 99 киножобаның ашық қорғауы Алматыда өтеді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

9-12 маусым аралығында Алматыда киножобалар конкурсының екі кезеңінен сәтті өткен жобалардың питчингі өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы питчингте 99 жоба қорғалады.

Қорғау Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Байқауға қатысуға өтінім қабылдау 5 наурызда басталды. Көркем, деректі және анимациялық фильм секцияларында 444 жоба тіркелді. Бағалау нәтижесі бойынша 128 жоба екінші кезеңге өтіп, қатысушылар толық құжаттар пакетін ұсынды. Нәтижесінде 99 киножоба питчингке жолдама алды.

Қаңтар айында Кино орталығы ұлттық идеологияға сай келетін, өзекті мәселелерді көтеретін басым тақырыптарды жариялаған болатын. Аталған тақырыптар бойынша сценарийлер байқауға қатысып, мемлекеттік қаржылай қолдауға үміткер болуға мүмкіндік алды. Басым тақырыптардың қатарында тарих, танымал тұлғалар, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, табиғи байлықты сақтау, экология және туған өлкенің көркем табиғаты бар.

Айта кетейік, киножобаларды іріктеу конкурсы барысында Астанадағы Орталық кеңседе, телефон, оффлайн кездесу және әлеуметтік желідегі кері байланыс арқылы консультация жұмыстары жүзеге асты.
 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #питчинг #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент әкімшілігінің экс-басшысы “Әділет” партиясының төрағасы болып сайланды

Бүгін 13:09

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Бүгін 11:55

АҚШ күштері Иран туы ілінген танкерге шабуыл жасады

Бүгін 11:29

Қазақстанда электромобильдерге жаңа түсті нөмір берілуі мүмкін

Бүгін 10:51

Бұршақ пен дауыл: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);