AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 9 мыңға жуық адам солтүстікке қоныс аударған

9 мыңға жуық адам солтүстікке қоныс аударған

Әлеумет 24.01.2024, 04:30 973 Almaty-akshamy.kz. 
9 мыңға жуық адам солтүстікке қоныс аударған
Сурет: ашық дереккөз

Өткен жылы 8 903 адам өз еркімен солтүстікке қоныс аударды.


Оның ішінде қоныс аударушылар — 6 492, қандастар — 2337 адам. Бәріне мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланған қазақстандықтар өз өміріндегі оң өзгерістерді атап өтті.


Соның бірі — Құралай Масатбаева. Ол отбасымен 2021 жылы Астанадан Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына көшіп келді.




«Көшкеннен кейін отбасымызға 612 570 теңге сомасында көшуге материалдық көмек берілді, сондай-ақ бізге қаладан мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үй берілді», - дейді ол. 




Құралай Масатбаеваның «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.


Өткен жылы 1 млн 380 мың теңге сомасына мемлекеттік грант алып, шағын кондитерлік дүкенін ашты.




«Декреттік демалыста үйде өз ісімді ашуды, балалардың қасында болуды армандайтынмын. Тайынша ауданының жұмыспен қамту орталығына барып, қайтарымсыз грант туралы білдім. Қоныс аударушы болғандықтан қайтарымсыз грант берілетіндер санатына кіретінімді айтып, барлық сұрақтар бойынша кеңес берілді. Осындай мүмкіндікті бос жібермей, өзімнің бизнес-жоспарымды қорғап, мемлекеттен грант алдым», - деп бөлісті кәсіпкер келіншек.




Ұлттық жоба аясындағы мемлекеттік қолдау шаралары:



  • көшуге арналған субсидия –отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек;

  • отбасы мүшелерінің саны мен елді мекенге байланысты 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 12 ай ішінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау;

  • қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу;

  • жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;

  • Экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.


Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.


Өткен жылы барлық қоныс аударғандардың ішінде 4 158 адам еңбекке жарамды, оның 3 079-ы тұрақты жұмысқа орналастырылған, 164 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысса, 35 адам бизнес ашуға грант алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоныс #солтүстік #көш #тұрғын #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);