AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 8 сала Алматының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің...

8 сала Алматының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына кіреді

Әлеумет 26.09.2023, 06:25 1,170
8 сала Алматының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына кіреді
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов Алматыда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру туралы айтты.


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін картада көрсетілген сегіз негізгі сала анықталды, олар: құрылыс және тұрғын үй, экология, жер, бизнес, экономика және қаржы, фискалдық, әлеуметтік, инфрақұрылым және жолдар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Өңірлік проблемаларға терең үңіле отырып және әрбір өңірдің ерекшелігін ескере отырып, агенттік облыс пен республикалық маңызы бар қалалар үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі. Картада процестердің ашықтығына, әкімшілік кедергілердің болуына, заңнаманың жетілмегендігіне байланысты шешімін табу мүмкін емес өзекті мәселелердің тізбесі ұсынылған», - деді А. Рахимов.



Оны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы 8 мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 3 сыртқы талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 129 ұсыныс енгізілді, 24 тұлға жауапкершілікке тартылды. 


Спикердің айтуынша, мемлекеттік органның ерекше бақылауында бизнес саласы бар. Айта кетейік, Алматыда 350 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.



«Кәсіпкерлерге көмек көрсету мақсатында «Бизнес жол» жобасы аясында екі мыңнан астам кәсіпкерді қамти отырып, алпыс бес кездесу өткізілді, проблемалық мәселелердің жиырма алты кейсі шешілді, алты жүз кәсіпкердің құқықтары қорғалды», - деп бөлісті ол.



Осылайша, кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7 факт бойынша ӘҚБтК-нің 465-бабы бойынша рұқсат беру тәртібі мен мерзімін бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды. Бұдан басқа, 9,2 млрд теңге өтелді және 5,4 млрд теңге бұғатталды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралардан басқа, негізгі назар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған. Мәселен, Агенттік «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске қосты, оның мақсаты еріктілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бей-жай қарамайтын азаматтарды тарту болып табылады.



«Алматы қаласы бойынша 100-ден астам азамат сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дамыту, оның алдын алу пайдасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке белсенді қатысуға ниет білдірді. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік бойынша қоғамның санасын өзгертетін алдын алу жұмыстарының оң нәтижесі барын атап өтуге болады. Бұрын халық олардан пара алу фактілері туралы жиі жүгінетін болса, енді мемлекеттік қызметшілердің өздері оларға ұсынылатын сыйақылар туралы белгі береді», - деп бөлісті А. Рахимов.



Өткен жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлағаны үшін 2.6 млн теңге сомасына 13 азаматтың еңбегі қаржылай бағаланды. Ағымдағы жылы 520 мың теңге сомасына 3 тұлға.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сыбайлас жемқорлық #карта #тәуекелдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44

Алматыда «Nauryz Fest» мерекелік концерті көктемнің шуақты мерекесін қарсы алды

Бүгін 12:31

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «NAURYZ OPEN AIR» атты мерекелік концерт өтеді

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика