Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 8 наурыз қарсаңында алтынға сұраныс артты

8 наурыз қарсаңында алтынға сұраныс артты

Әлеумет 06.03.2022, 11:16 1,344
8 наурыз қарсаңында алтынға сұраныс артты
Cурет: Aikyn.kz

Алматы қаласында ер адамдар әйелдер мерекесіне арнап қызғалдақ, раушан және бақыт гүлін көптеп алады


Науқан кезінде олардың бағасы 800-900 теңгеден басталады. Кәсіпкерлер гүл саудасының 9 наурызға дейін тоқтамайтынын айтады. Одан кейін адамдар легі азайып, баға да төмендейді,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.



«Көптеген ұйым алдын ала тапсырыс береді. Кейде кешке дейін тапсырыс беріп жатады. Шыны керек, 3 рет бардым. Енді кешкі уақытқа арнап тағы да гүлдер әкелуге тура келеді. Артығымен алып жатырмыз. Соның өзінде қазір көптеген ұсыныс түсіп жатыр», – деді кәсіпкер Жасұлан Дүйсекенов.



Ал Таразда ер азаматтар көбіне 8 наурыз мерекесіне арнап сүйіктілеріне әртүрлі көлемдегі таба пен табақ алып жатыр. Менеджерлердің айтуынша, дәл қазір ыдыс-аяқтарға деген сұраныс артқан. Оны көбіне орта жастағы азаматтар алып жатыр. Сондай-ақ, орта жастағы ер азаматтар газ пеші, тоңазытқыш секілді тұрмыстық техникаларды таңдауда. Ал жастар негізінен смартфон таңдауда.



«Жастар мен үлкен кісілер аналары мен жұптарына арнап алып жатыр. Негізінен «айфон», «самсунг» және құлаққаптар таңдайды», – деді сатушы Жәнібек Жүнісбеков.



Мұнымен қатар, ер адамдардың сүйіктілеріне алтын сыйлағанды ұнататыны белгілі болды. Сол себепті 8 наурыз қарсаңында алтын бұйымдарға сұраныс артқан.



«Әйелдер гауһар тасын жақсы көреді. Ал ерлер өз кезегінде сүйіктілерінің көңілінен шыққысы келеді. Олардың бағасы 200 мыңнан басталып 1 миллион теңгеге дейін барады. Кейбір ер азаматтар әріптестеріне сертификат сыйлайды», – деді сатушы Елена.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#8 наурыз #алтын #Сыйлы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Белгілі театр режиссері Есмұхан Обаев дүниеден өтті

Бүгін 08:56

Жаңбыр, найзағай, бұршақ...

Бүгін 08:47

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Кеше 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Кеше 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Кеше 18:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика