ffin.kz

8 маусымнан бастап Қонаев ресми түрде облыс орталығы мәртебесін алады

8 маусымнан бастап Қонаев ресми түрде облыс орталығы мәртебесін алады Сурет: Inform.kz

Жаңа мәртебе ерекше жауапкершілік жүктейді. 8 маусымнан бастап Қонаев ресми түрде облыс орталығы мәртебесін алады деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Қала тұрғындары бұл бастама алғаш жарияланған күннен бастап, оның «гүлденуі мен дамуына барынша үлес қосамыз» деп белсенділік танытып отыр. Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы Қонаев қаласында бірден бірнеше ауқымды шаралармен атап өтілді. Көк туымыз жерде ғана емес, су үстінде де желбіреді. Айтулы күнге орай жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер шырқады. Балалар мен жасөспірімдер спорттық шаралар мен флешмобқа қатысты. Кемеге ені 5, ұзындығы 10 метр болатын мемлекеттік ту ілінді. Бұл Желкенді қайық спорт федерациясының Қонаев қаласының тұрғындарына рәміздер күніне арнаған тартуы. Жанына үлкен ту тартылған кеме Қапшағай су қоймасының үстімен желкенді қайықтармен бірге жүзіп өтті. Бұл шараны ұйымдастырушылар рәміздерге деген құрметті, оны насихаттауды әркім өзінен бастау керек, деп санайды.



Наталья Носова, Қонаев қаласының құрметті азаматы:


- Бұл шараны өткізуіміз тегін емес. Біздің қаламызды, осы Қапшағай су қоймасын Қонаев салдырды. Біз ол кісінің атына кір келтірмей, есімін құрметпен алып жүреміз деп айта аламын. Себебі қаланың аты да, өзі де біздің жүрегімізге ыстық. Жанымызға жақын.



Шаһар 50 жылдан астам Қапшағай аталып келді. Президент Жарлығымен оған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың есімі берілгенде мұндағы жұртшылық қатты қуанды. Еске сала кетейік, бұл елді мекен Қазақстан картасында 1970 жылы пайда болды. Оның іргетесын қалаған Қонаев болатын. Қазір мұнда жасалып жатқан табиғи газ тарту, көше жолдары мен аулаларды жөндеу, жалпы тұрғын үй секторын жаңғырту жұмыстары үлкен істің басы ғана. 



Сергей Горюнов, қалалық мәслихаттың депутаты:


- Мемлекеттік бағдарлама бойынша 10 үй салынады. Сонымен қоса алдағы жылдары10 шағын аудан жаңадан бой көтереді. Бұл шамамен 60 мың отбасы баспаналы болады дегенді білдіреді.



Қалада туризм индустриясын дамытуға мүкіндік көп. Былтыр Қапшағай су қоймасының жағасында 126 нысан жүмыс істеп, ол жерде 900 мыңнан аса адам деамалған. Ал биыл туристік нысандар саны тағы онға артты. Осы жылы мұнда миллионнан артық демалушы келеді деген жоспар бар. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 8 маусымнан бастап Қонаев ресми түрде Алматы облысының әкімшілік орталығына айналады. Осы күнге рәміздер күні де тұспа-тұс келіп отыр. Соған орай мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Орталық саябақта өткен бұл шара Конаев қаласының тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.  Мерекелік бағдарлама шығармашылық ұжымдар мен таланттардың басын қосты. Концертпен қоса жас спортшылар мен мектеп оқушылары салауатты өмір салтын флешмоб өткізіп насихаттады.


Қазір Қонаевтағы халық саны маңындағы екі ауылдық округтің тұрғындарын қосқанда 62 мыңнан асты. Облыс орталығы мәртебесіне ие болуына байналысты алдағы уақытта бұл көрсеткіш 10 есеге көбейеді, деген жоспар бар.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51