Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / 8 мамырда Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған...

8 мамырда Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған экоакция өтеді

Не? Қайда? Қашан? 06.05.2025, 16:20 784
8 мамырда Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған экоакция өтеді
Алматы қаласы әкімдігі

2025 жылғы 8 мамырда Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы – ортақ үйіміз» науқаны аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жалпықалалық экологиялық акция өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Акция қаланың барлық аумағында өтіп, қоғамдық кеңістіктерді, демалыс аймақтарды, саябақтарды, скверлер мен аулаларды қамтиды.

Қаланы тазартуға қала тұрғындары, еріктілер, құқық қорғау органдары, ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындарының курсанттары, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, эстрада жұлдыздары, спортшылар мен блогерлер жұмылады. Олар Алматы көшелері мен скверлерді көгалдандырып, Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етеді.

Акция аясында көшелер мен саябақтарды санитарлық тазалау, бағаналар мен қоршауларды сырлау, арық желісін тазарту, ағаш егу, шөп шабу, жасыл желектерді қалпына келтіру, ағаштар мен бұталарды санитарлық мақсатта кесу, көгалдандырылған аймақтарды ағымдағы жөндеу жұмыстары сияқты түрлі жұмыстар жоспарланған.

Алматы қаласының әкімдігі акция қатысушыларына ағаш көшеті, қолғап, қап, күрек пен тырма беру сынды барлық қажетті көмек көрсетеді. Қатысушыларға арнайы футболкалар, кепкалар және «Жеңіс» естелік ленталары таратылады.

Сенбілік 8 мамыр күні таңғы сағат 9:00-де басталады. Төменде қаланың сегіз ауданы бойынша негізгі орындары көрсетілген:

Әуезов ауданы: 1-ш/а., Алтынсарин даңғылы (Жұбанов көшесінен Ұлықбек даңғылына дейін)       

Алатау ауданы: Бағаналы Орда көшесіндегі сквер

Алмалы ауданы: Амангелді көшесі (Төле би көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін)

Бостандық ауданы: «Жас Қанат» сквері

Жетісу ауданы: Ратушный саябағы

Медеу ауданы: 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы

Наурызбай ауданы: Ақсай көшесі, «Ақжар» сквері

Түрксіб ауданы: Набережная көшесі, 123-үй, Маяк жағынан

Акция мерекелік, тақырыптық атмосферада өтеді: концерттер, шеберлік дәрістері мен интерактивті алаңдар ұйымдастырылады. Әскери әндер мен ардагерлер ерлігіне арналған музыкалық қойылымдар патриоттық рухты арттырып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбіліктің маңызын айқындай түседі.

Сенбілікке бизнес өкілдері, ПИК, МИБ және оларға тиесілі аумақтар үшін жауапты ұйымдар да қатысады. Көріктендіру ережесіне сәйкес, әрбір меншік иесі аумағында тәртіп орнатып, қасбеттерді жөндеп, тазалықты қамтамасыз етуге міндетті. Көріктендіру төлқұжаты осы жауапкершілікті бекітіп, меншік иесінің әлеуметтік рөлін күшейтеді.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін сенбілік өтетін орындарға «Байқоңыр» метро бекетінен арнайы автобус қатынайды: https://2gis.kz/almaty/geo/9430094738574967

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #жеңіс #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қызылшамен ауырғандардың саны артты

Бүгін 12:30

Былтырмен салыстырғанда 10% төмен: Алматыда ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Бүгін 12:17

Оқушыларға вейп сатқан топ құрықталды

Бүгін 12:01

Бұл "қарапайым инфекция" емес. Әлназарова ата-аналарға үндеу жасады

Бүгін 11:46

Алматы құрамасы еркін күрестен жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарды

Бүгін 11:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі