AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / 72 жастағы саяхатшы Маңғыстау өңіріне жаяу жетті

72 жастағы саяхатшы Маңғыстау өңіріне жаяу жетті

Оқиға 21.09.2022, 02:20 1,411 Almaty-akshamy
72 жастағы саяхатшы Маңғыстау өңіріне жаяу жетті
Сурет: Inform.kz

Саяхатшы жаяу марафонын 31 наурызда бастаған болатын


Ұлытау облысының 72 жастағы саяхатшысы Сәрсенбай Қотырашов Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына жаяу жетті. Оны маңғыстаулық жол сақшылары қарсы алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Ақсақалды Бейнеу-Боранқұл тасжолында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Н.Шыңғыс пен Қ.Піржанов қарсы алды. Олар саяхатшының қал-жағдайын біліп, алдағы сапарына сәттілік тілеп шығарып салды», - деп мәлім етті Маңғыстау облысы Полиция департаментінен.


Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығының қызметкері және еңбек ардагері Сәрсенбай Қотырашов ел өңірлері бойынша жаяу марафонын 31 наурызда бастаған болатын. 72 жастағы ақсақал қараша айына дейін бүкіл елді аралап шықпақ.


Ұлытаудан шыққан қария 13 күнде Қызылордаға жетті. 11 мамырда 1 700 шақырымды артқа тастап, Алматы қаласына келді. Кейін тоғызыншы өңір – Павлодар облысына аялдады. 60 келілік арбасын сүйреген саяхатшы шілде айының басында Астана қаласына жетті. Одан әрі жаяу марафоншы 4,5 мың шақырымды артқа тастап, Петропавлға ат басын тіреді. Тілшілерге сұхбат берген ол үш ай бойы 12 облысты, 15 қаланы аралап өткенін айтты. Жолда алты аяқ киім ауыстырған. Алда 5 облыс – 3,5 мың шақырымды еңсеруі керектігін жеткізді.


Қария бұл сапарын алты жыл бұрын жоспарлаған. Саяхатшының ең соңғы тоқталатын нүктесі Ақтау қаласы болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саяхатшы #марафон #маңғыстау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);