AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 700-ге жуық қазақстандық бір айда ХҚКО-ларда цифрл...

700-ге жуық қазақстандық бір айда ХҚКО-ларда цифрлық сауаттылықты үйренді

Әлеумет 10.04.2026, 17:29 199 yakiya
700-ге жуық қазақстандық бір айда ХҚКО-ларда цифрлық сауаттылықты үйренді

Наурыз айынан бастап ХҚКО-ларда цифрлық сауаттылық бойынша оқыту курстары Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бір айдың ішінде шамамен 700 қазақстандық оқудан өтіп, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды меңгерген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Жоба алғашында Астанада пилоттық форматта іске қосылған. Сұраныс жоғары болғандықтан, наурыз айынан бастап ол еліміздің барлық өңіріне кеңейтілді.

Сабақтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтеді. Оқыту барысында азаматтар цифрлық сервистерді еркін пайдалану мен мемлекеттік қызметтерді өз бетінше онлайн алу дағдыларын меңгереді.

Практикалық оқыту барысында қатысушылар электрондық цифрлық қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, соттылығы бар-жоғы туралы анықтама алу сияқты қызметтерді қалай рәсімдеу керектігін үйреніп, оларды бірден өз беттерінше жасап көреді. Мұндай формат әсіресе ересектер мен зейнет жасындағы адамдар үшін қолайлы - олар цифрлық қызметтерді асықпай, түсінікті түрде меңгере алады.

Астанада сабақтар тұрақты түрде сәрсенбі және жұма күндері өтеді, ал өңірлерде кесте ХҚКО жүктемесіне қарай жасалады. Оқыту тегін, алдын ала жазылу талап етілмейді.

«Бүгінде мемлекеттік қызметтерді ХҚКО арқылы да, түрлі цифрлық сервистер арқылы онлайн форматта да алуға болады. Бұл мүмкіндіктер азаматтар үшін шынымен қолайлы болуы үшін цифрлық дағдыларды дамыту және пайдаланушыларды оқыту маңызды. Бұл өз кезегінде әр азаматқа қажетті қызметтерді өз бетінше алуға мүмкіндік береді», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Жоба Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатыр. Оның мақсаты – мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді ету және қазақстандықтардың онлайн форматқа сенімді көшуіне көмектесу.

Оқыту «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Таным» корпоративтік оқу орталығы тарапынан ұйымдастырылған. Сабақтар 4 ақпан мен 30 маусым аралығында өтеді және барлық қатысушылар үшін тегін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ХҚКО
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);