Биыл мамырда, әсіресе 7 және 9 мамырда, қазақстандықтар қанша күн демалады? Аqshamnews.kz тілшісі арнайы кесте құрды.
Бейсенбі, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне байланысты ресми демалыс. Ал 9 мамыр — Жеңіс күні сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 11 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылады.
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша демалыс кестесі
5/2 кестесімен жұмыс істейтіндер үшін алдағы апта былай өтеді:
4, 5 және 6 мамыр — жұмыс күндері;
7 мамыр, бейсенбі — мерекелік демалыс;
8 мамыр, жұма — жұмыс күні;
9 мамыр, сенбі — Жеңіс күніне байланысты демалыс;
10 мамыр, жексенбі — әдеттегі демалыс;
11 мамыр, дүйсенбі — ауыстырылған қосымша демалыс күні.
Алты күндік жұмыс аптасында қалай демалады
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін кесте төмендегідей:
7 мамыр — демалыс күні;
8 мамыр — жұмыс күні;
9 мамыр — мерекелік демалыс;
10 мамыр — жексенбі, демалыс;
11 мамыр — жұмыс күні.