Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шег...

"7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шегерімдері ашылды

Әлеумет 13.01.2025, 08:36 820
"7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шегерімдері ашылды
Сурет: Ernur.kz

Осыдан төрт жыл бұрын Салық кодексінде ортақ ипотекаға арналған салық шегерімдерінің күшіне енуі 2025 жылға дейін кейінге қалдырылған болатын. Ол уақытта шегерім тек тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істеп тұрды. Енді, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бері шегерім барлық ипотеканы қамтиды. Оның ішінде "7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекалары да бар.

Шегерім сізге айлықтан төленетін жеке табыс салық мөлшерін қысқартып, қолыңызға көбірек жалақы алуға мүмкіндік береді. Сәл де болса үнемдейсіз.

Ай сайын ипотекаға төлейтін соманың ішіндегі банк проценті осы шегерім ішіне кіреді. Мысалы, сіздің жалақыңыз (оклад) 400 000 теңгені құрайды дейік. Одан алынатын зейнатақы жарнасын есептейік: 400 000 / 10% = 40 000 теңге. Ал сізден алынатын жеке табыс салығы былай есептелінеді: (Жалақы – зейнетақы жарнасы – 1 төменгі айлық көрсеткіш) / 10%. Тиісінше ол (400 000 – 40 000 – 85 000) / 10% = 27 500 теңге. Сонда 400 мың теңге айлығыңыз болса, сіз: 27 500 теңге табыс салығын (ИПН) төлейсіз, 40 000 теңге зейнетақы қорына кетеді, 8 000 теңге ОСМС алынады. Қолыңызға тиетіні — 324 500 теңге.

Енді, егер сіз ай сайын ипотека төлеп отырсаңыз, салық шегерімдері арқылы қандай сома үнемдейтініңізді есептеп көрейік. Мысалы, сіз 4 жыл бұрын «7-20-25» ипотекасын алғансыз. Қазір төлеп жүрсіз дейік: Пәтер құны — 20 000 000 теңге Алғашқы жарна — 20% — 4 000 000 теңге Несие мөлшері - 16 000 000 теңге Төлем типі - аннуитет Проценті - 7% Несие мерзімі — 15 жыл. Айына төлейтін ипотекаңыз 143 800 теңге. Оның ішінде шамамен қазіргі уақытта (180 айдың 60 айы өткеннен кейін) банк проценті 72 000 теңгедей болуы керек. Ай сайын ол шамамен 450 теңгеге азайып отырады. Енді салық шегерімін іске қоссақ, қанша сома үнемдейміз? Оклад – зейнатақы жарнасы – 1 төменгі айлық көрсеткіш — ОСМС — (ай сайынғы ипотекалық төлемнің ішіндегі банк сыйақысы) / 10%, демек (400 000 – 40 000 – 85 000 – 8 000 - 72 000) / 10% = 19 500 теңге. Бұл біз төлейтін жеке табыс салығы. Оның алдындағы 27 500 салыққа қарағанда 8 000 теңгеге аз. Демек қолымызға енді 332 500 теңге тиіп отырады. Шегерімге дейін қолға 324 500 алып келген едік. Сонымен, егер ипотекалық шегерімдерді іске қоссақ, онда біз айына дәл қазір 8 000 теңгедей үнемдейміз.

Бірақ ай сайын банк сыйақысы 450 теңгеге азайып отыратынын ескерсек, біздің үнемдеуіміз де ай сайын шамамен 45 теңгеге қысқарып отырады. Егер сіз ресми бір жерде жұмыс істеп, айлық алатын болсаңыз және "7-20-25" немесе "Баспана хит" ипотекасы төлеп жүрсеңіз, осы қарыз келісімшартын, оның ішіндегі графикті бірге алып, өз бухгалтерияңызға барыңыз. Онда салық шегеріміне өтініш жазасыз. Бухгалтеріңіз сізге ай сайын шегерім есептеп отыратын болады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жеке табыс салығы #ипотека #сақтандыру #үнемділік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика