Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 60 шақырымнан астам жол жөнделіп, 10 жаяу жүргінші...

60 шақырымнан астам жол жөнделіп, 10 жаяу жүргіншілер өткелі жаңартылады

Әлеумет 08.07.2025, 14:20 929
60 шақырымнан астам жол жөнделіп, 10 жаяу жүргіншілер өткелі жаңартылады
aqshamnews.kz

Бостандық ауданында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Жолдың сапасын арттырып, тротуар салу мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта құру аудан әкімдігінің басым бағытының бірі болып отыр. 2024–2025 жылдары осы мақсатқа 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, ондаған көшеде үлкен өзгеріс басталған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин бұл жұмысты қалай атқарып жатқандарын айтып берді.  

Өткен жылы ауданда 1,3 млрд теңгеге 33 көшедегі 30,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмысы жүргізіліпті. 2025 жылы жөндеу бағдарламасы жалғасады: 19 көшеде 27,5 шақырымдай жол жамылғысын жаңарту жоспарланған. Бұл мақсатқа 3 млрд теңге бөлінді. Орташа жөндеуден бөлек, биыл әдеткі жол жөндеу жұмыстары да қатар жүргізіліп, 30 мың шаршы метр асфальт жамылғысы қалпына келтірілген. Бұл жұмысқа 500 млн теңге жұмсалды. Жыл соңына дейін қосымша 10 мың шаршы метр асфальт жабынын жөндеу жоспарланып отыр, оған қосымша 150 млн теңге бөлінген.

Тротуарларды абаттандыруға ерекше көңіл бөлінген: 2025 жылы Өтепов, Әбіш Кекілбайұлы, Наурызбай батыр, Тілендиев, Садықов, Мұстафин, Розыбақиев, Радостовец, Шашкин, Торайғыров, Бұқар Жырау мен Померанцев көшелерін қоса алғанда, 12 көше техникалық тротуармен қамтамасыз етілді. Бұған 308 млн теңге бөлінді.

Биылғы тамыз айынан бастап 10 жаяу жүргіншілер өткелінде – бес жерүсті және бес жерасты өткелінде лифтілер мен көтергіштерді күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары басталады. Бұлар ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жайлы әрі қолжетімді қалалық орта қалыптастыруға бағытталған. Барлық жұмыс 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.

Аталған жобаларды жүзеге асыру көше-жол желісінің сапасын едәуір жақсартып, қауіпсіз әрі жайлы ете түсуге мүмкіндік беріп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Санжар Әлин #жолдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі