AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 6 жылда 911 шақырым жаңа теміржол салынды

6 жылда 911 шақырым жаңа теміржол салынды

Әлеумет 11.03.2026, 12:34 279 yakiya
6 жылда 911 шақырым жаңа теміржол салынды

Қазақстанда теміржол инфрақұрылымы белсенді жаңғыртылып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2019–2025 жылдар аралығында әртүрлі жөндеу жұмыстарымен 9436 километр теміржол желісі қамтылды. Жүргізілген жұмыстар қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, магистральдардың өткізу қабілетін ұлғайтуға және еліміздің көлік жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жұмыстың ең үлкен көлемі күрделі жөндеуге тиесілі. Оның аясында 3593 километр теміржол желісі жаңартылды. Бұл жөндеу түрі рельстерді, шпалдарды және жолдың үстіңгі құрылымының басқа да элементтерін ауыстыруды қамтитын инфрақұрылымды кешенді қалпына келтіруді қарастырады.

Сонымен қатар, 1560 километр теміржол желісінде құрамдас бөліктер бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұндай формат жекелеген тозған элементтерді ауыстыруға бағытталған және инфрақұрылымның техникалық жағдайын тиісті деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Тағы 4284 километр теміржол желісінде жоспарлы-алдын алу жөндеуі жүргізілді. Бұл жұмыстар теміржол төсемінің мерзімінен бұрын тозуының алдын алу және пойыздар қозғалысының қауіпсіз әрі үздіксіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртумен қатар, елде жаңа теміржол желілерін салу жобалары да белсенді іске асырылуда. 2019–2025 жылдары Қазақстанда 911 километр жаңа теміржол жолы салынды.

Маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – ұзындығы 836 километр болатын Достық – Мойынты учаскесінің құрылысы. Бұл жоба елдің транзиттік әлеуетін дамытудағы негізгі бағыттардың бірі болып саналады және Қазақстан арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздері бойынша жүк ағындарын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ ұзындығы 75 километр болатын Алматы станциясының айналма теміржол желісі салынды. Бұл желінің іске қосылуы Алматы теміржол торабына түсетін жүктемені азайтып, тасымал тиімділігін арттыруға және елдің оңтүстік өңіріндегі жүк пойыздарының қозғалысын оңтайландыруға мүмкіндік берді.

Аталған жобалардың жүзеге асырылуы Қазақстанның теміржол желісін дамытудағы маңызды кезең болып табылады және елдің Еуразиядағы жетекші көлік-логистикалық хабтардың бірі ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Теміржол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);