AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 5G технология 4G-ден екі есе аз сәуле шашады

5G технология 4G-ден екі есе аз сәуле шашады

Әлеумет 30.05.2023, 08:38 1,068 Almaty-akshamy.kz. 
5G технология  4G-ден екі есе аз сәуле шашады
Сурет: ашық дереккөз

 «Қазақтелеком» акицонерлік қоғамының Инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов 5G технологиясының радиациялық қаупі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Радиациялық фобия мәселесіне байыппен қарауымыз керек. Адамдарды бұл мәселе қорқытады. Бұл жерде үгіттеу емес, ағарту жұмыстарымен айналысу керек шығар. Сарапшы ретінде мынаны айтқым келеді. 5G-интернетке қолданылатын радиотолқындар немесе жиілік жолақтары 2G-интернетке қолданылатын жиілік жолақтарынан әлдеқайда әлсіз. Сарапшы ретінде айтайын, ұялы телефондарыңызда қолданып жүрген 2G технологиялы радиотолқындар 4G технологиядан 10 есе көп сәуле таратады. Яғни, телефондағы 4G технологияға шамамен 200 млВт керек болса, 2G-ге 2000 млВт керек. Ал 5G-де қуаты 100 млВт-қа дейін төмендейді. Сонда іс жүзінде адамдарға керісінше 2G-ден бас тартып, 5G технологияға көшу керек. Өйткені 5G технологияны пайдалансаңыз, қолыңыздағы телефон ақпарат беру тұрғысынан анағұрлым аз энергия шашады», - деді ол.



Ұлттық компания өкілі қазақстандықтар 5G-дің артықшылықтарын түсінсе, өздері-ақ оны енгізуді талап етер еді деп есептейді.



«5G-дің ерекшелігі энергия үнемдей алатынында. Кеңірек жиілік жолақтары пайдаланылатындықтан аз уақыт пен аз қуат жұмсай отырып, неғұрлым көбірек ақпарат жүктейді, таратады. 5G пайда болған соң сапалы кино көру үшін, көбірек ақпарат жіберу үшін энергия да уақыт та аз шығындалады. Ерекшелігі осында. Тұтынушыларға осы мәліметті дұрыс жеткізсе, өздері-ақ 5G технологияны тезірек енгізуді талап етер еді», - дейді Нұрлан Мейірманов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#5G #технология #Сәуле
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйелерін сақтау мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Бүгін 22:31

Елзат Ескендірдің «Әбілі»: өтпелі кезеңнің көркем келбеті

Бүгін 21:33

«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына Президенттің БАҚ саласындағы Алғысы берілді

Бүгін 18:46

Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылады

Бүгін 18:31

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арналған цифрлық платформа таныстырылды

Бүгін 18:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);