Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 57 айыппұл, 60 ұйғарым: Маңғыстау облысындағы мек...

57 айыппұл, 60 ұйғарым: Маңғыстау облысындағы мектеп асханаларын жаппай тексеру аяқталды

Әлеумет 09.06.2025, 16:22 627
57 айыппұл, 60 ұйғарым:  Маңғыстау облысындағы мектеп асханаларын жаппай тексеру аяқталды
Сурет: Gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысындағы мектеп асханаларын жаппай тексеруді аяқтады.

66 мектептің ас блогын тексеру қорытындысы бойынша 65-нен санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың көптеген өрескел бұзушылықтары анықталды, 18 млн теңгеден астам сомаға 57 айыппұл салынды, 60 ұйғарым берілді, 62 қызметкер жұмыстан шеттетілді, 1 материал сотқа берілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz ДСМ-ге сілтеме жасап. 

Бүгін өңірде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен мектептегі тамақтану сапасы мәселелері бойынша кеңес өтті.

Бұзушылықтардың негізгі себептері - санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың болмауы, құжатталмаған немесе мерзімі өткен өнім, санитариялық режимді сақтамау, ыстық судың болмауы, медициналық тексерусіз және денсаулықты күнделікті бақылаусыз қызметкерлердің жұмысы, анықталған бактерия тасымалдаушылар (дизентерия, стафилококк), ыдыс-аяқ пен мүкәммалды тиісінше өңдемеу-шайындылардың 7,2%-нан ішек бактериялары анықталды.

«Тексеру қорытындылары мектептегі тамақтануды ұйымдастырудың сапасы мен жергілікті атқарушы органдардың тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі мәселелерін тудырады. 459 мектеп оқушысы зардап шеккен Мұнайлы ауданында жаппай уланумен өткен жылғы тәжірибеге қарамастан, бұзушылықтар қайталануда, бұл мектеп әкімшіліктері мен білім беру органдарының балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне формалды қарауын білдіреді», - деп атап өтті бүгін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова Маңғыстау облысының активі алдындағы кеңесте сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, тексеру барысында мектеп бракераждық комиссиялары тарапынан әлсіз бақылау, қызметкерлерді медициналық тексерусіз жіберу, тамақтану нысандарында білікті персоналдың болмауы атап өтілді, бұл топтық уланудың қайталанған жағдайларына әкеп соғады.

Балалардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне профилактикалық жұмысты күшейту, білім беру және тамақтану нысандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу сапасын жақсарту жөнінде тапсырмалар берілді. Білім басқармасына мектептегі ас блоктарын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету, жүйелі негізде тамақтандыру қызметтерін берушіні конкурстық құжаттама талаптарының сақталуына тексеруді қамтамасыз ету, Бракераждық комиссиясының сапалы жұмысын қамтамасыз ету ұсынылды.

Денсаулық сақтау басқармасы - заңнама талаптарына сәйкес жеке медициналық кітапшалардың берілуіне қатаң бақылауды қамтамасыз етсін, оларды медициналық тексеруден толық өтпей-ақ беруге жол бермесін.

Бұрын хабарланғандай, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзумен байланысты проблемаларды жүйелі шешу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі білім беру нысандарын мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі.

Олар балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беруге, объективті бағалау үшін тексерулер туралы алдын ала хабарламаны алып тастауға, сондай-ақ нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында мониторингтік сапарларды енгізуге бағытталған.

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі «СҚ-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторының облыстық вакцина қоймасына барып, вакциналарды сақтау шарттарын, «суықтық тізбегінің» сақталуын, тасымалдау шарттарын, жабдықтардың болуын тексерді.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 2024 жылдың наурыз айынан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке (ҚҚП) қарсы иммундау көрсеткіші 83,9%-ды құрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ДСМ #мектеп асханалары #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Саясат Нұрбекті қабылдады

Бүгін 15:17

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика