конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 520 мыңнан астам балық шабақтары құтқарылды

520 мыңнан астам балық шабақтары құтқарылды

Әлеумет 27.07.2024, 16:14 1,257
 520 мыңнан астам балық шабақтары құтқарылды
Сурет: АШМ

Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылында орналасқан Сарыөзек каналынан 520 мыңнан астам балық шабақтары құтқарылды.

Естеріңізге сала кетейік, көктемгі су тасқыны салдарынан Жайық өзені арнасынан шығып, өзен суы төгілген жерлер арқылы Сарыөзек арнасына түскен болатын. Тасқын сулармен бірге арнаға балық шабақтары түскен. Маусым айында Жайық өзеніндегі су деңгейі тұрақтанды, ал тасқын су төгіліп арнада өскен балық шабақтарымен бірге жиналып қалған.

Қазіргі уақытта арнада жиналған балық шабақтарын сақтап қалу үшін су беру насосы арқылы су жіберілуде және балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz АШМ сайтына сілтеме жасап. 

Іс-шараға Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, жергілікті атқарушы органдар, балық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері, жергілікті тұрғындар, еріктілер және блогерлер қатысуда.

Құтқарылған балық шабақтарының түрлері: сазан, табан, көксерке, жайын, мөңке, орташа салмағы 12-14 грамм.

Айта кетейік, 2024 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысының су айдындарында 49 млн. 920 мыңнан астам балық шабақтары, оның ішінде Құрманғазы ауданының аумағында – 39 млн. 900 мың дана, Индер ауданының аумағында – 8 млн. 500 мың дана, Махамбет ауданында – 1 млн. 520 мың дана, Атырау қаласының облыс орталығында - 35,5 мың дана балық шабақтары құтқарылды.

Бөлшектенген су айдындарынан құтқарылған барлық балық шабақтары Жайық өзеніне тірі түрде жіберілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балық #шабақтар #құтқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы колледждеріндегі нейрожелілер: мүмкіндіктер, тәуекелдер және білім берудің болашағы

Бүгін 13:20

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қарау аяқталды

Бүгін 12:38

Алматыда SOS батырмасы бар алғашқы телемедициналық көмек көрсету модулі іске қосылды

Бүгін 11:11

Алматыда жыл басынан бері 32 мыңнан астам ағаш санитарлық мақсатта кесілді

Бүгін 10:31

29 шілде - Халықаралық жолбарыстар күні

Бүгін 10:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);