AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қазақ кү...

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт 13.08.2024, 16:42 1,120 Nursok82
5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ел намысын кімдер қорғайды?
Қазақ күресі федерациясы

Өзге ұлттық құрамалар сияқты қазақ күресінің балуандары да Көшпенділер ойындарына қызу дайындық үстінде.

Жыл басынан бері ұлттық құрама спортшыларының қатысуымен 4 оқу-жаттығу жиыны өтті. Атап айтқанда, балуандар бұған дейін Алматы қаласында екі мәрте, Грузия елінде және Қырғызстанда дайындықтарын жүргізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz .

Қазіргі уақытта кезекті оқу-жаттығу жиыны 1-14 тамыз аралығында Ақмола облысының Щучье қаласында өтуде. Бұл оқу-жаттығу жиыны барысында балуандардың арасында қорытынды белдесулер өткізіліп, әр салмақтың үздіктері анықталды.

Сөйтіп, 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына келесі балуандар іріктелді:

Ерлер – Төлепов Бекжан (55 кг, Жетісу обл.), Берекетов Мейіржан (60 кг, СҚО), Тұқышев Дидар (66 кг, Абай обл.), Қожамбеков Жұмажан (74 кг, Шымкент қ.), Сейітқазынов Ерсін (82 кг, Абай обл.), Жанатаев Ерасыл (90 кг, Алматы қ.), Мұзаппаров Ерсұлтан (100 кг, Шымкент қ.), Жарылғапов Нұрдәулет (+100 кг, Маңғыстау обл.).

Әйелдер – Жылқыбаева Айжан (48 кг, Түркістан обл.), Азаматова Назерке (52 кг, Ақтөбе обл.), Нұрмахамметова Рауза (56 кг, Жамбыл обл.), Құсақбаева Бақыт (60 кг, Ақтөбе обл.), Сарипова Зарина (65 кг, Абай обл.), Нысантайқызы Роза (70 кг, Абай обл.), Файзолланова Зәмзәгүл (77 кг, Шымкент қ.), Бахиева Альбина (+77 кг, Шымкент қ.).

Қазақ күресінен ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері Ғани Келдіқұловтың айтуынша, кешенді ойындары алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиыны 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

– Қазақ күресінен ҚР ұлттық құрамасы кешенді ойындарға дайындық аясында бесінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жалпы спортшыларымыз орта тау бөктерінде жалпы дене дайындықтарын өткізіп, шетелдік балуандармен тәжірибе алмасқан болатын. Спортшылар алдағы маңызды жарысқа физикалық тұрғыдан да, тәжірибе жағынан да толықтай дайын деп ойлаймын. Ал соңғы оқу-жаттығу жиынында салмақ қуу және қалыпқа келу жұмыстарына басымдық берілетін болады. Осындай ірі жарыстың біздің балуандарымызға үлкен жауапкершілік жүктейді. 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында спортшыларымыздың ел намысын абыроймен қорғап, жүлдегерлердің қатарынан көріну үшін барын салатынына сенімдімін, – дейді Ғани Құдайбергенұлы.

Бас бапкердің сөзіне қарағанда 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында іріктеліп, 16 салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайтын балуандардың 50 пайыздан астамы жеңістің бірінші сатысынан көруі әбден мүмкін. Айта кетсек, жылдың ең маңызды әрі ауқымды әлемдік спорттық шарасына 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады. Астанадағы жарыстың бағдарламасына 21 спорт түрі кірсе, оның 12 ұлттық спортымыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Күрес #Ұлы дала ойындары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сапа мен қауіпсіздік: Алматыда білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін 12:41

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 12:30

1 шілдеден бастап Құрылтай туралы заң жобасы күшіне енеді

Бүгін 11:32

Цифрлық теңге: жаңа ақшаны экономикаға қайтіп кіріктірмек

Бүгін 10:36

Қызылорда облысының жаңа әкімі кім болды?

Бүгін 10:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);