AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 42 секунд не шешеді?

42 секунд не шешеді?

Әлеумет 22.10.2024, 11:45 1,542
42 секунд не шешеді?
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Сергек ITS сарапшылары жол бойындағы жолақтардың арасында біріншісінен екіншісіне жиі ауысып, газ бен тежеуішті жылдам басатын жүргізушілердің қанша уақыт ұтатынын анықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Интеллектуалды көліктік талдау, мониторинг және көліктік болжау жүйесінің мәліметтері бойынша агрессивті көліктердің «ұтатын» орташа уақыты небәрі 42 секундты құрайды. Зерттеу Алматыда бір апта бойы әл-Фараби даңғылының шығыс бағыттағы 16,5 км учаскесінде жүргізілді. Агрессивтілік критерийі ретінде келесі параметрлер алынды: жүргізуші бір жолақтан екіншісіне бір реттен көп ауысуы, орташа жылдамдығы 50 км/сағ-тан жоғары және жылдамдықты 65 км/сағ-тан күрт үдетуі.

Талдау жүргізілген аптада аталған учаскеде 66 мыңнан астам көлік өтті, оның 22 мыңы агрессивті жүргізу түрін көрсетті. Бұның 6 мыңы такси жүргізушілері. Сонымен қатар, жалпы көліктердің 23,5% кем дегенде бір рет агрессивті жүргізуші белгісін көрсетіп, ал 9,5% — мұны тұрақты түрде жасаған.

«Агрессивті» жүргізуші мен «қауіпті» жүргізуші сияқты ұғымдарды ажырата білу керек. Қауіпті жүргізушіден айырмашылығы, агрессивті жүргізуші өрескел тәртіп бұзбайды, бірақ оның маневрлері арқылы басқа жол қозғалысына қатысушыларға ыңғайсыздық туғызады, апатқа ұшырау қаупін арттырады. Жүргізушілер бар болғаны 42 секунд үнемдеу үшін өзінің және өзгенің өмірін қатерге тігу керек пе деген сұраққа ойланып көргені жөн», - деп атап өтті компания.

Естеріңізге сала кетейік, Sergek ITS (Intelligent Transportation System) - қазақстандық мамандардың әзірлемесі. Бұл қаладағы кептелістердің себептерін анықтауға, қоғамдық көліктердің тиімді маршруттары мен кестелерін жасауға, қалалық инфрақұрылымды жоспарлауды өзгертуге, сондай-ақ оның себептерін түсінуге мүмкіндік беретін және адамдардың маятниктік көші-қонына сараптама жасайтын талдау, бақылау және көліктік болжамдарға арналған интеллектуалды көлік жүйесі.

Бған дейін, Қазақстандағы кейбір жүргізушілер сақтандыру үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр болатыны туралы жазған едік. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жылдамдық #Сергек #Жүргізуші #Уақыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);