4 өңірде ауа райы өзгеруі ықтимал

4 өңірде ауа райы өзгеруі ықтимал Сурет: Сitatnica.ru

Синоптиктер ескерту жариялады


7 тамызда ауа райының бұзылуына байланысты 3 өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Дәлірек:


Нұр-Сұлтан қаласында күн күркіреп, желдің күші 20 м/с дейін күшейеді.


Ақмола облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с артады. Көкшетау қаласында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болады.


Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с екпінде жел тұрады. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады.


Павлодар қаласында күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күшейетіні күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:46

17:03

16:47

16:12

15:15

14:50

14:04

12:11

11:45

11:01

10:03

09:40

09:09

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12