AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 37,3 миллиард теңге зейнетақы жинағы сұраусыз жаты...

37,3 миллиард теңге зейнетақы жинағы сұраусыз жатыр

Әлеумет 23.06.2025, 12:43 713 yakiya
37,3 миллиард теңге зейнетақы жинағы сұраусыз жатыр
Сурет: Astanatv.kz

БЖЗҚ мәліметіне сәйкес, 264 695 адам «пенсиясын» алуға асығар емес, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ресми дерекке сүйенсек, оның бәрі зейнетке шығып қойған адамдар. Жасы келіп тұрса да, мыңдаған зейнеткер өз жинағын алуға әлі жүгінбеген. 

«Сұраусыз» жатқан жинақтардың жалпы сомасы — 37,3 миллиард теңге!

264 695 адамның ішінде:

148 335 адам — қайтыс болған — олардың жинағын мұрагерлері ала алады;

59 800 адам — Қазақстаннан біржола көшіп кеткен;

56 560 адам — зейнетақы рәсімдеу үшін ХҚКО-ға әлі жүгінбеген.

Енді бұл ақшаларға не болады?

Әрине, бұл жинақтар ешқайда кетпейді. Олар иесінің жеке шотында сақталады және инвестицияланады. Ақша қосымша табыс әкелуі мүмкін. Инвестицияны Ұлттық банк пен жекеменшік басқарушы компаниялар жүзеге асырады.

Ақшаны қалай алуға болады?

Зейнеткер болсаңыз: 

тұрғылықты мекен-жай бойынша ХҚКО-ға (ЦОН) барып;
зейнетақыны рәсімдеп; 
БЖЗҚ-дан төлем алуға өтініш беруіңіз керек.

Қазақстаннан біржола көшкен болса:

БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар заңда көрсетілген құжаттарды тапсырып, ақшасын ала алады.

Қайтыс болған жағдайда:

БЖЗҚ марқұмның жинағынан жерлеу шығындарына 94 АЕК-ке дейін төлем жүргізеді (бірақ шоттағы нақты қалдықтан аспайды).

Қалған қаражат заңға сай мұрагеріне беріледі. Ол үшін марқұмның жақыны 6 ай ішінде нотариусқа барып, мұраға құқығын рәсімдеуі керек.

Егер 6 айды өткізіп алсаңыз, мұрагерлік құқықты сот арқылы қалпына келтіруге болады.

Қажетті құжаттар тізімі мен өтініш беру жолы туралы толық ақпаратты enpf.kz сайтынан «Қызметтер — Зейнетақы төлемдері» бөлімінен таба аласыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #БЖЗҚ #мұра
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);