AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / 33 елді мекен, 25 мәдени орын: Абайдың ізі түскен...

33 елді мекен, 25 мәдени орын: Абайдың ізі түскен жерлер

Мұны білген жөн 08.08.2025, 12:24 1,145 Сұлу
33 елді мекен, 25 мәдени орын: Абайдың ізі түскен жерлер
vk.com/@typical_semey-abay-175let

Қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы, ұлт руханиятының шамшырағы Абай Құнанбайұлының есімі – тек әдебиет пен тарих беттерінде емес, елдің әр түкпірінде тасқа қашалып, жүрекке жазылған қасиетті атау. Aqshamnews.kz тілшісі ұлы тұлғаға арналған қай өңірлерде көше мен саябақ барын, қанша ескерткіш орнатылғанын анықтады. 

33 елді мекен Абай атымен аталған

Павлодардан бастап Жетісуға, Түркістаннан Қарағандыға дейін – Павлодар, Ақтөбе, Қостанай, Жетісу, Абай, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарындағы 33 елді мекені Абай есімімен аталады. 

1231 көше, алаң, саябақ 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында да, облыс орталықтары мен шағын ауылдарда да Абай есімімен аталатын 1231 құрамдас бөлік бар (Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Павлодар, Ақтөбе, Қостанай, Жетісу, Абай, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Ұлытау, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында).

Caption

Әр көше өткен мен бүгінді жалғап, Абайдың даналығын еске салып тұрады.

125 мекеме – білім мен мәдениет ордалары

Бұл мекемелердің ішінде Абай есімімен Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстарында кітапханалар, Қарағанды облысында әдеби- мемориалдық музей, Маңғыстау облысында мәдени-демалыс кешені, Жамбыл облысында Абай атындағы қазақ драма театры, Абай облысында Абайдың оқыған медресесі, тұрған үйі, музей-үйі және жерленген орнынан құралған Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей- қорығы, Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры және Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры бар.

Ақорда

55 ескерткіш – мәңгілік бейне

Астана мен Алматыдан бастап, Маңғыстау мен Шығыс Қазақстанға дейін – 55 ескерткіш, бюст және мүсіндік композициялар орнатылған.

Алматыдағы Абай ескерткіші республикалық маңызы бар мәдени мұра тізіміне енсе, тағы оннан астамы жергілікті тарихи ескерткіш мәртебесіне ие.

depositphotos.com

Еске салайық, бұған дейін елімізде қанша Абай есімді адам бары айтылған еді. Қазір Қазақстанда Абай есімді 18 763 адам тұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #Абай құнанбайұлы #Абай ескерткіші #Көше #семей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);