Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 31 тамызға арналған ауа райы болжамы

31 тамызға арналған ауа райы болжамы

Әлеумет 31.08.2021, 07:31 1,117
31 тамызға арналған ауа райы болжамы
yandex.kz

«Қазгидромет» мамандары 31 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қазақстан аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді. Салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады.


Орталық пен шығыста қатты жаңбыр жауады. Жел күшейеді. Орталықта, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады.


Тек еліміздің батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды, күн ашық.


Алматы облысында найзағай болып, жел қарқыны - 15-20 м/с.


Жамбыл облысында найзағай, бұршақ болып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін күшейеді.


Түркістан облысының таулы аудандарында күн күркірейді, желдің күші 15-20 м/с болады.


Қостанай облысының солтүстігінде түнде тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.


Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде және орталығында - найзағай, бұршақ, дауыл, жел екпіні - 15-20 м/с. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады.


Шығыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында найзағай, дауыл болады, облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с, солтүстік-батысымен орталығында екпіні 23 м/с болады.


Павлодар облысының батысында тұман түседі. Ақмола облысының солтүстігінде және солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман болады.


Күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.


Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.


Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігі мен батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.


Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Қызылорда, Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында және оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #тамыз #Ауарайы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Бүгін 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Бүгін 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Бүгін 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Бүгін 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі