Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 3000 оқушы Nur Otan партиясынан республикалық «Мек...

3000 оқушы Nur Otan партиясынан республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында көмек алды

Әлеумет 14.09.2021, 03:39 1,151
3000 оқушы Nur Otan партиясынан республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында көмек алды
almaty-akshamy.kz

Алматылық үш мың оқушы Nur Otan партиясы филиалдарының көмегімен мектепке жиналды. Партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиевтің айтуынша, акция барысында мегаполистегі нұротандықтар мен депутаттар белсенділік пен мейірімділік танытты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Балаларды мектепке дайындау кезінде аз қамтылған және әлеуметтік осал отбасылардың төңірегіндегі ұйымшылдық – бұл партияның Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының нақты іске асырылуының нәтижесі. Біздің мегаполисте ұсынылған партияның барлық сегіз филиалы кезекті рет жүрек жылуын сыйлап, бірлігін көрсетті. Бұл қайырымдылық акциясы әлі жалғасатын болады», - деді Мейіржан Отыншиев.



Көмекке аса мұқтаж 1744 отбасылары мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етілді. Партияның қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жетекшісі, заң ғылымдарының докторы, депутат Зәуреш Өмірбаева Алмалы ауданының оқушыларына кеңсе тауарларымен жабдықталған 1000 рюкзак сыйға тартты. Ал оның кеңес бойынша орынбасары, депутат-меценат Ерболат Қасымов алматылықтарға оқу жылы қарсаңында жыл сайын қайырымдылықпен кеңінен танымал.



«Биыл балаларға кеңсе тауарлары бар мектеп рюкзактарынан басқа, отандық өндірушіден мектеп формасын сатып алуға сертификаттар беруді ұйғардым. Сертификаттар келесі жылдың соңына дейін жарамды, егер осы жылы ата-аналар балаларға мектеп формасын алмаса, келесі жылы сатып алуға болады», - деп атап өтті "нұротандық" Ерболат Қасымов.



Жетісу ауданында "нұротандықтар" әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 350 оқушыны қамтып, олардың 100-і белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннен рюкзактар алды. Медеу ауданында "нұротандықтардан" 200 бала сыйлық алды, Наурызбай ауданында 120 бала болса, оның жартысына партияның Наурызбай аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері мектепке дайындалды. Түрксіб ауданында депутат Шухрад Шардинов жүз оқушыға жалпы сомасы 1 млн теңгеге сыйлық табыстады. Сонымен қатар, оның басшылығымен «АЗМК» зауытында жұмыс істейтін 48 көп балалы отбасы осы акцияға орай ақшалай көмек алды.



«Біздің зауытта 12 отбасылық әулет жұмыс істейді, сондықтан біз бұл дәстүрді алдағы уақытта да жалғастырамыз және алматылықтардың өскелең ұрпағы өз ата-аналарының жолымен жүреді деп үміттенеміз!» - деді "нұротандық" Шухрад Шардинов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Nur Otan #оқушы #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика