AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 30 жас қазақстандық «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты...

30 жас қазақстандық «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды

Әлеумет 04.09.2024, 14:08 1,960
30 жас қазақстандық «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды
Сурет: Gov.kz

ОКҚ-да өткен брифингте «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының жаңашылдығы мен ережелері туралы айтылды. Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, 2022 және 2023 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері Жандос Ақтаев және Арайлым Серікбай қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

2021 жылдан бастап «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Мемлекет басшысының бастамасымен дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында беріліп келеді.

Грант мөлшері – 3 млн теңге. Оған конкурстық негізде 14 жастан 35 жасқа дейінгі (34 жыл қоса алғанда) қазақстандықтар үміткер бола алады.

Брифинг барысында Қайрат Қамбаров волонтерлікті қолдау үшін 2024 жылдан бастап қосымша «Волонтерлік» бағыты қарастырылғанын айтты.

Осылайша, аталған грант 6 бағыт бойынша беріледі. Оның ішінде «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа», «Волонтерлік» бағыттары бар.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 5 тамыздан 6 қазанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері өз бастамалары туралы айтып берді.

Мысалы, Жандос Ақтаевтың жобасы қолжетімді тілде халықтың базалық құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған ақпараттық контент құру. 

2023 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері Серікбай Арайлым грант қаражатына «Ғылым» бағыты бойынша заманауи жасыл агротехнологиялар пайдаланылған «EcoTagam» инновациялық отандық экоөнімдер орталығын ашты. 

Дарынды жастардың жаңа идеялары мен түрлі жобаларын іске асыру мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2029 жылға дейін беріледі деп жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік ұрпақтары #грант #EcoTagam
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);