AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / 26 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы...

26 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады

Алматы 26.03.2026, 08:47 227 Дина
26 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады

26 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт құбылып, бірқатар өңірде тұман, көктайғақ, қатты жел, шаңды дауыл және найзағай сияқты қолайсыз құбылыстар күтіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 26 наурызда ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктер бірнеше өңірде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ қалыптасатынын, сондай-ақ желдің күшейетінін ескертті.

Астанада түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Бұл көлік қозғалысына қиындық тудыруы мүмкін.

Алматы облысы мен Іле Алатауы аумағында шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 18-23 м/с-қа дейін жетіп, кей сәттерде 28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Осындай жағдай Жетісу өңірінде де сақталады. Таулы аймақтарда тұман түсіп, Алакөл маңында жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін барады.

Маңғыстау облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін. Атырау облысында да тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл күшейіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін барады. Жамбыл облысында да ұқсас жағдай сақталып, таулы аудандарда тұман мен қатты жел күтіледі.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында тұман түсіп, түнгі және таңғы уақытта жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында да тұман мен көктайғақ болжанып отыр. Кей жерлерде жел бағыты өзгеріп, оның екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға, әсіресе жолда барынша абай болуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);