конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 25 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қа...

25 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

Әлеумет 10.11.2025, 08:54 514
25 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді
Сурет: Gov.kz

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 25,5 мың мүгедектігі бар адам қамтылды. Бүгінгі таңда барлығы ерекше қажеттіліктері бар 111 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30%-ын құрайды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz жауапты ведомство сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мүгедектігі бар 743,9 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,7%-ын құрайды, олардың  375,2 мыңы еңбекке қабілетті жаста.

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмысшылардың жалпы санының 2-ден 4 %-на дейін (жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны кемінде 50 адам болған кезде) көлемде жұмыс орындарына квота белгілейді. Ағымдағы жылдың 3 тоқсанында квота бойынша мүгедектігі бар 7,1 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылуда. Мәселен, ағымдағы жылдың       1 қарашадағы жағдай бойынша тұрақты жұмысқа 4,8 мың адам, жастар практикасына – 538 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 538 адам, қоғамдық жұмыстарға – 5,7 мың адам, «Күміс жас» жобасы бойынша – 758 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 120 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша – 9 адам жұмысқа орналастырылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 277 адам, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 4,5 мың адам қамтылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға өз бизнесін ашу үшін 400 АЕК-ке дейінгі (1,6 млн теңге) мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бүгінгі таңда 1,4 мың мүгедектігі бар адам осындай қолдауға ие болды.

Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. Ағымдағы жылы осындай 87 арнайы жұмыс орны құрылды.

 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#мүгедектегі бар адамдар #жұмыспен қамту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынуы мүмкін

Бүгін 16:05

Ескі көлікке берілетін жеңілдіктердің мөлшері қандай?

Бүгін 15:31

«Мектепке жол»: балалар қуанған күн

Бүгін 15:05

Жыл басынан бері Ұлттық электрондық кітапхананы пайдаланушылар саны 359 мыңнан асты

Бүгін 15:00

1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді

Бүгін 14:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);