Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 24-30 қараша аралығында Алматы қаласында XVII «Еур...

24-30 қараша аралығында Алматы қаласында XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді

Әлеумет 31.10.2024, 16:20 1,613
24-30 қараша аралығында Алматы қаласында XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы

XVII «Еуразия» кинофестивалі Шәкен Айманов пен «Қазақфильм» киностудиясының мерейтойларына ерекше мән бермек, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Еуразия» – Қазақстандағы ең ірі кинофорум және халықаралық кинопродюсерлер қауымдастықтары Федерациясы (FIAPF) аккредиттеген Орталық Азиядағы бірден-бір кинофестиваль. Фестивальдің тұрақты құрылтайшысы әрі ұйымдастырушысы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Кинофестивальді ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына тапсырылды. Мұның өзіндік себебі де бар.  Осы жылы киностудия бірнеше маңызды мерейтойды атап өтуде. Біріншіден, киностудияның 90 жылдығы. Екіншіден,  қазақ киносының майталманы - Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл және «Қазақфильм» киностудиясына оның есімі берілгеніне 40 жыл толды. Алдағы фестивальде осы айтулы даталарға ерекше мән берілмек.

Бүгінде «Еуразия» кинофестивалі - Орталық Азия өңіріндегі ең маңызды мәдени шаралардың біріне айналды. 1998 жылы фестиваль құрылған сәттен бастап «Еуразия» дәстүрінде өскен қазақстандық кинематографистердің тұтас буыны қалыптасты. Оларды «Еуразия ұрпағы» деп атауға болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл кинофестиваль аясында Халықаралық байқау өтеді, мұнда Еуропа мен Азия елдерінің толықметражды фильмдері, сондай-ақ Орталық Азия мен Түркі әлемі елдерінің фильмдері ұсынылады. «Еуразия» іскерлік алаңы да көптеген жаңалықтарға толы болмақ. «Тұран» университеті мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында түрлі шеберлік сабақтары мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Кинематографистер ПРОКК (кинематографистердің кәсіби клубы) аясында өзара тәжірибе алмасады.

 XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің салтанатты ашылу рәсімі 24 қарашада қаланың ең сәнді орындарының бірі - Almaty Theatre өтеді.

Сондай-ақ, әр жылдары фестивальдің құрметті қонақтары қатарында Катрин Денев, Кевин Костнер, Изабель Аджани, Пьер Ришар, Софи Марсо, Джереми Айронс, Орнелла Мути, Стивен Сигал, Сигурни Уивер, Жерар Депардье және басқа да көптеген әлемдік кино жұлдыздары болғанын атап өткен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Еуразия» кинофестивалі #Орталық Азия #кинофорум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда сирек кездесетін патологиясы бар балаларға бірегей операциялар жасалды

Бүгін 16:48

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилимен кездесті

Бүгін 16:44

Қазақстандықтар шенген визасын оңай ала алады

Бүгін 15:56

Алматыда халықаралық шеберлік дәрісі аясында 14 ота жасалды

Бүгін 15:02

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі

Бүгін 13:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика