AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 22 ақпанға арналған ауа райы болжамы

22 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 22.02.2022, 02:00 1,838
22 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Zen.yandex.ru

Сейсенбі күні Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.


Солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Еліміздің қалған аумағында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.


Ақмола облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын соғып, күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман болады. Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.


Жамбыл облысының солтүстік-шығысында желдің екпіні 23 м/с артады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі.


Қостанай облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.


Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с артады. Сондай-ақ жаяу бұрқасын, тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.


Күндіз Павлодар облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болжанады. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с артады.


Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман, түнде аталған өңірлердің шығысында, орталығында көктайғақ болады.


Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.


Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ байқалады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #жауын-шашын #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);