2075 жылға дейін ислам әлемдегі ең ірі дінге айналуы мүмкін

2075 жылға дейін ислам әлемдегі ең ірі дінге айналуы мүмкін Cурет: Islam.kz

Америкалық Pew Research Center зерттеу орталығы мұсылмандардың әлемдегі ең жылдам өсіп келе жатқан діни топ екенін мәлімдеді.

Күллі әлем бойынша мұсылман қарасы 2010 жылдан 2020 жылға дейін 347 миллион адамға артқан, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Аталмыш ұйым 2700 дерек көзден алынған (халық санағы, ресми жазбалар және 2010 жылдан 2020 жылға дейін 201 елде жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар) мәліметтерді талдай келе өз есебін жариялады.  Бұл мәліметте, сондай-ақ, сауалнамаға тартылғандардың діни сенімі туралы сұрақтарға берген жауаптары да ескерілген. Есепке сәйкес әлемде мұсылмандар саны 347 миллион адамға артты, бұл көрсеткіш барлық діндер арасында ең жылдам өсімді білдіретін көрсеткіш. Бұған негізінен ислам қоғамындағы мұсылман елдерінің табиғи жолмен өсуі себеп болды. Салыстыру үшін салсақ, христиандар саны 122 миллион адамға артқан, алайда, олардың әлем бойынша үлесі азайып келеді. Есепте христиандардың үлесінің 1,8% -ға төмендеуі негізінде христиандардың өз сенімдерінен бас тартуымен байланысты екені айтылған.

Осылайша, мұсылмандардың адамзат санындағы үлесі 2010 жылы 23,9%-дан 2020 жылы 25,6%-ға өсті, ал христиан үлесі бұл аралықта 30,6%-дан 28,8%-ға төмендеді. Христиандар санының ең көп төмендеуі Еуропа мен Солтүстік Америкада орын алған. Есепте мұсылмандардың негізінен Азия, Тынық мұхиты аймағы, Таяу Шығыс және Солтүстік Африкада тұратыны көрсетілген. Сонымен қатар, Солтүстік Америкада мұсылмандар саны 52,3%-ға, Сахарадан оңтүстік қарай Африка елдерінде 33,8%-ға, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада 23,9%-ға артты. Бұл мерзімде Солтүстік Америкада христиандар саны 10,8%-ға, Еуропада 8,8%-ға қысқарды, есесіне Сахара шөлінің оңтүстігін жайлаған Африка елдерінде 31,2%-ға өсті. Ал атеистерге келсек, бұл санаттағы адамдар адамзаттың 24,2%-н құрап, христиан және мұсылмандардан кейінгі үшінші көпшілік топты құрап отыр.

Бұдан өзге, есепте 2020 жылы буддистер саны 2010 жылмен салыстырғанда 19 миллионға азайғаны, ал еврейлер саны 6%-ға артып, шамамен 15 миллион адамға жеткені айтылған. Pew Research 2017 жылғы зерттеу нәтижесінде ислам әлемдегі ең жылдам өсетін дін екені және 2075 жылға дейін ислам әлемдегі ең ірі дінге айналуы мүмкін екені болжанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:27

17:41

17:36

17:00

16:51

16:43

15:38

15:23

14:56

14:16

12:17

11:45

11:15

10:21

10:10

09:20

22:24

19:08

17:51

17:36

17:27

17:23

17:14

17:00

16:36