AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2030 жылға қарай тұтыну себетінен ет пен сүт алыны...

2030 жылға қарай тұтыну себетінен ет пен сүт алынып тасталады

Әлеумет 17.02.2024, 09:58 1,356
2030 жылға қарай тұтыну себетінен ет пен сүт алынып тасталады
Сурет: Stopfake.kz

2030 жылға қарай сүт пен ет өнімдері тұтыну себетінен алынып тасталады, делінген танымал Telegram арнасындағы ақпаратта.


Бұл ДЭФ бастамасы, ал эксперимент «C40 Cities» деп аталады екен. Stopfake.kz мәселенің мән-жайын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алдымен «C40 Cities» жобасы әлемнің қырыққа жуық ірі қаласын қамтыды. Оның басты міндеті – климаттық дағдарыспен күресу және 2030 жылға қарай көмірқышқыл газының нөлдік шығарындыларына қол жеткізу.


Бүгінгі таңда «C40 Cities» жобасына 100-ге жуық қала қатысады. Дүниежүзілік экономикалық форум да жобаның бастамаларын қолдайды, форумның ресми сайтында сілтеме де бар. Бірақ C40 ДЭФ-тің құрамына кірмейді, олардың арасында тікелей байланыс жоқ. ДЭФ-тің медиа бөлімінің басшысы Янн Цопф осындай мәлімдеме жасады.



«Дүниежүзілік экономикалық форум саны артып келе жатқан планета халқын қалай тұрақты және нәрлі тамақтандыру керектігі туралы ойлануға ықпал еткенімен, біздің ұйым адамдардың тамағын шектеуді жоспарлап отырған жоқ», – деді ол.



2019 жылдың маусым айында «1,5°C жылынумен әлемдегі қалалық тұтынудың болашағы» атты есеп шықты. Оның авторы – Arup консалтингтік фирмасы, «C40 Cites» жобасы және Лидс университеті. Бұл жоспар да емес, саяси ұсыныстар да емес.


Есепте етті аз жеудің парниктік газдар шығарындыларына қалай әсер ететіні талданған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы азық-түлікпен байланысты шығарындылар C40 қалаларындағы жалпы шығарындылардың 13% құраған. Бұл шығарындылардың төрттен үш бөлігі жануарлардан алынатын өнімдерді тұтынумен байланысты.


Сарапшылар тамақтануға қатысты бес түрлі шараның үлгісін жасады. Соңғысы – ең өршіл. Бұл ет пен сүт өнімдерін мүлдем тұтынбау, күніне 2500 калория және үйде тамақ қалдықтары болмайды.


Зерттеу авторларының айтуынша, есеп C40 қалаларында осы мақсаттардың барлығын жаппай қабылдауға шақырмайды. Бұл шығарындыларды азайтудың әртүрлі баламаларын қарастырған кезде ескеруге болатын нұсқаулар.


«C40 Cites» желісінің өкілінің сөзінше, адамдар жеке өмір сүру салтын өздері таңдауы керек. Не жеп, не қоятындарын өздері біледі.


ДЭФ «C40 Cites» құрамына кіретін елдерді азық-түлік себетінен ет пен сүтті алып тастауға шақырады деп айтуға негіз жоқ. Әрбір ел жаһандық жылынумен қалай күресетінін және болашақта қандай азық-түліктен бас тартатынын өзі шешеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ет #сүт #тұтыну себеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47

Алматыда әкелер форумы өтті

Бүгін 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика