AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2030 жылға дейін қоғамдық көліктердегі сапар санын...

2030 жылға дейін қоғамдық көліктердегі сапар санын 64%-ға арттыру жоспарланып отыр

Әлеумет 27.12.2023, 06:38 1,063 Almaty-akshamy.kz. 
2030 жылға дейін қоғамдық көліктердегі сапар санын 64%-ға арттыру жоспарланып отыр
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Алматыда мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қаланың 2030 жылға дейінгі көлік қаңқасының шебер-жоспары әзірленді.


Қалалық мәслихат депутаттары мен сарапшылар қауымдастығы алдында шебер-жоспардың тұсаукесері барысында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин бүгінгі таңда «адамдар үшін қала» қағидатын іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік беретін үйлесімді жол-көлік кешенін салу маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Шебер-жоспардың мақсаты – Алматының қалалық мобилділігін арттыру және 2030 жылға дейін қоғамдық көліктердегі сапар санын 64%-ға арттыру. Бұл көрсеткіштің өсуінің негізгі драйвері халықтың жеке көліктен қоғамдық көлікке ауысу болуға тиіс.
Алматының қалалық мобилділік саласындағы сын-қатерлердің ішінде сарапшылар жеке автокөліктің жоғары үлесін, сонымен қатар, қоғамдық көліктің тартымдылығын қамтамасыз ету үшін көше-жол желісін ұзарту және түзету қажеттігін атап өтті.



«Жүйелі шаралар қабылдау үшін биыл мамырда біз Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспарын бекіттік, ол кеңістіктік, атап айтқанда, көлік дамуының негізін қалады. Бас жоспарда Алматының қалалық мобилділігін жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар, оның ішінде қаланың көлік қаңқасын әзірлеу көзделген», - деді Асқар Әмрин.



Айта кету керек, көлік қаңқасын енгізу 2024 жылы бөлінген көлік желісін құрудан және Райымбек даңғылын абаттандырудан басталады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус #жиілік #Сапа #әлеумет #Жолаушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-мен қатар баламалы тест енгізіледі

Бүгін 09:30

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Бүгін 09:11

28 сәуірде ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:42

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика