AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2029 жылға дейін жолаушылар вагондарының шамамен 1...

2029 жылға дейін жолаушылар вагондарының шамамен 1,2 мың бірлігін сатып алу жоспарлануда – Көлік министрлігі

Әлеумет 26.11.2024, 17:26 919 Nursok82
2029 жылға дейін жолаушылар вагондарының шамамен 1,2 мың бірлігін сатып алу жоспарлануда – Көлік министрлігі
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

ҚР көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында теміржол жылжымалы құрамын жаңарту және вагондар паркін жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта локомотив паркінің жалпы саны шамамен 1,8 мың бірлікті құрайды, ал оның тозу деңгейі 61%-ды құрайды.

«Жылжымалы құраммен қамтамасыз ету және парктің тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 185 локомотив сатып алынды. Келесі жылы 187 бірлік сатып алу жоспарланған, ал одан кейінгі үш жылда тағы 257 локомотив жеткізіледі деп күтілуде. Бұл локомотивтердің жетіспеушілігін толық жоюға ықпал етеді», — деді министр.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жүк вагондарының жалпы паркі 139 мың вагонды құрайды.

Нарықта 300-ден астам жеке операторлар жұмыс істейді. Олардың ішінде «Қазақстан темір жолы» 38 мың вагонға ие, олар еліміздің энергетикалық секторын қамтамасыз ету мен халыққа көмір тасымалдауда маңызды рөл атқарады.

2026 жылға дейін ұлттық оператор қосымша 3 мың ашық вагон сатып алуды жоспарлап отыр, оның 800 бірлігі биыл қолданысқа енгізілді.

Жолаушылар вагондары паркіне де ерекше назар аударылуда. Өткен жылы 118 жаңа вагон сатып алынған болса, биыл 143 бірлік жеткізіледі. Келесі жылы 226 вагон сатып алу жоспарланған.

«Жалпы, 2029 жылға дейін 1 мың 200-ге жуық жолаушылар вагондары сатып алынады, нәтижесінде вагон паркі 3 мың бірліктен асып, оның тозу деңгейі 38%-ға дейін төмендейді. Осы міндеттерді орындау үшін отандық өндірушілердің вагондарын сатып алу мүмкіндігімен жалға беретін Біріккен лизингтік компания құру ұсынылады», — деп мәлімдеді Марат Қарабаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Теміржол #вагон #пойыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);