AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2026 жылы Алматыда 270 шақырымға жуық электр желіс...

2026 жылы Алматыда 270 шақырымға жуық электр желісі жаңғыртылады

Әлеумет Бүгін 17:45 36 yakiya
2026 жылы Алматыда 270 шақырымға жуық электр желісі жаңғыртылады

2026 жылы Алматыда 270 шақырымға жуық электр желісі жаңғыртылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылы Алматыда шамамен 270 шақырым электр желісі жаңғыртылып, қосалқы станциялар қайта жөнделіп, электр беру желілері жаңартылады. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай мәлімдеді. Оның айтуынша, басты міндет — желілердің тозуын төмендету, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру және апатты өшу санын азайту.

Жөндеу маусымы аясында қалада 10/6/0,4 кВ кернеулі 269,79 шақырым электр желісін жаңғырту және қайта құру жоспарланған. Оның ішінде 210 шақырымы — 10/6 кВ кабель желілерін жаңарту. Бұл жұмыс Алмалы, Бостандық және Наурызбай аудандарында жүргізіледі. Сонымен қатар Алмалы, Наурызбай және Алатау аудандарында 0,4 кВ әуе желілерінің шамамен 60 шақырымы жаңартылады.

«2026 жылы Алматының электр желілерін ауқымды жаңғырту жалғасады. Әсіресе, инфрақұрылымы ең көп тозған аудандарға мән беріліп отыр. Кабель және әуе желілерін жаңарту, қосалқы станциялар мен тарату пункттерін жаңғырту жоспарланған. Бұл шаралар энергия жүйесінің тұрақтылығын арттырып, апатты өшулер қаупін азайтады», — деді Нұрбақыт Серікбай.

Сондай-ақ, 2026 жылы үш тарату пункті мен 22 трансформаторлық қосалқы станция қайта жаңғыртылады. Бұдан бөлек, «Есентай», «Шоссейная» және «Жас Қанат» қосалқы станциялары жаңартылады. Жетісу және Түрксіб аудандарында ұзындығы 30 шақырымнан асатын 110 кВ электр беру желілері жаңартылып, ескі сымдар заманауи композиттік сымдарға ауыстырылады.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, 2025 жылдың басында Алматыдағы электр желілерінің тозу деңгейі 64,5% болған. Алайда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бұл көрсеткіш 63,3%-ға дейін төмендеді.

2025 жылы 238 шақырым желі қайта жаңғыртылды. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш. Мәселен, 2024 жылы 140 шақырым, ал 2023 жылы 162 шақырым желі жаңартылған.

«Жаңғырту жұмыстарының нәтижесі қазірдің өзінде байқалып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша технологиялық ақаулар мен апаттық өшірулер саны 12%-ға азайып, 359 жағдайдан 320 жағдайға дейін төмендеді. Бұл тұрғындар мен бизнес үшін электрмен жабдықтау сапасы мен тұрақтылығына тікелей әсер етеді», — деді спикер.

Қазіргі таңда электр желілерінің ең жоғары тозу деңгейі Түрксіб, Медеу және Наурызбай аудандарында сақталып отыр. Сондықтан бұл аудандарда инфрақұрылымды жаңарту жобаларына басымдық берілген.

Басқармада Алматының электр желілік кешені елдегі ең ірі жүйелердің бірі екені де атап өтілді. Желілердің жалпы орнатылған қуаты 10 643 МВт болады, ал электр беру желілерінің ұзындығы 30,8 мың шақырымнан асады. Қалада кернеуі 35 кВ және одан жоғары 206 қосалқы станция, сондай-ақ 7,3 мыңнан астам трансформаторлық қосалқы станция мен тарату пункті жұмыс істейді. Алматыны электрмен жабдықтау саласында шамамен 4,5 мың маман еңбек етеді.

«Бүгінде Алматының электрмен жабдықтау жүйесіне халық санының өсуі, құрылыс көлемінің артуы және қалалық инфрақұрылымның дамуы салдарынан жоғары жүктеме түсуде. 2025 жылы желілердегі ең жоғары жүктеме 1 962 МВт-қа жетті. Сондықтан желілерді жаңғырту — бір реттік шара емес, қаланың тұрақты дамуына қажетті жүйелі жұмыс. Біз желілердің өткізу қабілетін арттыруды, технологиялық шығынды азайтуды және жабдықтарды пайдалану тиімділігін көтеруді жалғастырып келеміз», — деді Нұрбақыт Серікбай.

Басқармада энергетикалық инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту Алматыны сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етудегі негізгі міндеттердің бірі болып қала беретіні айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Электр желісі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы саммитте талқыланатын жасанды интеллект және цифрлық дамудың өзектілігіне назар аударды

Бүгін 18:35

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды»

Бүгін 18:30

Мемлекет басшысы: «Бүгінде Түркістан – көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһар»

Бүгін 18:27

«Qoja Ahmet Yasaui» орденін тағайындау туралы

Бүгін 18:20

Президент Түркістандағы алқалы жиынға қатысуға келген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірді

Бүгін 18:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);