AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / 2026 жылы Қазақстан түркі елдерінің сауда-өнеркәсі...

2026 жылы Қазақстан түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палатасына төраға болады

Әлем 08.01.2026, 16:03 585 dulatbekova
2026 жылы Қазақстан түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палатасына төраға болады
Cурет: turksoy.org

Астанада түркітілдес елдердің сауда-өнеркәсіп палаталары одағының ІІІ жалпы отырысы басталды.

 Бұл түркі әлеміндегі экономикалық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаң және 2026 жылғы одаққа төрағалық Әзербайжаннан Қазақстанға берілді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

2019 жылы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және байқаушы елдер арасындағы сауда-экономикалық, өндірістік, инвестициялық, технологиялық ынтымақтастықты дамыту үшін түркі мемлекеттерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағы құрылған еді. Қазіргі уақытта одақ құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан және байқаушы мемлекет ретінде Мажарстан кіреді.

Белгіленген тәртіпке сәйкес, одаққа төрағалық жыл сайын ротациялық негізде Бас ассамблея шешімімен бекітіледі. 2026 жылы төрағалық Қазақстан Республикасына берілді және бір жылға Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының президенті болып «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов тағайындалды.

– Бүгінде түркі экономикалық кеңістігі 180 миллионнан астам халықты қамтиды және айтарлықтай өндірістік, ресурстық әрі адами ресурсқа әлеуетке ие. Сонымен бірге, ішкі өңірлік сауданың үлесі әлі де жалпы тауар айналымының 10 пайызынан аспайды. Бұл алдағы өсім үшін үлкен мүмкіндік береді, - деді Р. Баталов.

Қазақстан үшін түркі бағыты – сыртқы экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі. 2025 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның түркі елдерімен тауар айналымы 11 млрд АҚШ долларына жетіп, 10 пайыздан астамға өскен.

Экспорт 16,6 пайызға ұлғайып, шамамен 7,9 млрд АҚШ долларын құрады. Ал импорт бір мезгілде шамамен 3 пайызға қысқарған. Сауда балансы 4,8 млрд АҚШ долларына дейін жақсарып, тек сандық өсімді ғана емес, сауда құрылымының да жақсарғанын көрсетті.

– Әсіресе бұл динамика өнімдердің қосылған құны жоғарырақ түрлерін жеткізуді кеңейту арқылы қалыптасты. Астық, күнбағыс майы, металлургия және мұнай-химия өнімдері, азық-түлік пен өңделген материалдар экспорты едәуір өсті. Ынтымақтастық географиясы оның тұрақтылығы мен тереңдігін айғақтайды. Түркия мен Өзбекстан Қазақстанның түркі елдерімен тауар айналымының үштен екісінен астамын қалыптастырады. Оған қоса, Қырғызстанмен, Әзербайжанмен, Түрікменстанмен және Мажарстанмен өзара іс-қимыл нығайып келеді, бұл экономикалық байланыстарды әртараптандыруға және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге көмектеседі, - деді палата төрағасы. 

Отырысқа қатысушылар алдағы кезеңге арналған негізгі ынтымақтастық бағыттарын да талқылады. Басымдықтардың қатарында – өнеркәсіптік кооперацияны және бірлескен жобаларды дамыту, Түркі инвестициялық қоры құралдарын тиімді пайдалану, сауда-техникалық кедергілерді азайту, сондай-ақ халықаралық бағыттар мен көлік дәліздерін дамыту арқылы көліктік-логистикалық өзара байланыстылықты күшейту бар. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Түркі елдері #сауда-өнерксіп палатасы #төрағалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);