Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер көбейеді

2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер көбейеді

Әлеумет 23.12.2025, 14:29 753
2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер көбейеді
Сурет: Gov.kz

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес 01.01.2026 жылдан бастап:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;

Ең төменгі зейнетақы – 69049 теңге мөлшерінде;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 50 851 теңге;

Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге мөлшерінде белгіленген.

Жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 10 % - ға артады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 205-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.

Осыған орай, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ЕТКД шамасының 70 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ЕТКД шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі. 2026 жылғы 01.01. бастап 34 жыл және одан көп өтілі бар базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшері 60005 теңгені құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұл өсім 105 мыңнан астам алушыға әсер етеді.

Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері Кодекстің 177 және 236-баптарында көзделген мөлшерде белгіленеді, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланыстыжоғарытылады.

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланысты жоғарылатылады.

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамға берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланысты жоғарылатылады.

Айлық есептік көрстекіш мөлшерінің артуына байланысты №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы, жерлеуге біржолғы төлем, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталғаннемесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері өсті.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің өсуінің бірнеше мысалдары:

  • 1, 2, 3 бала туған кезінде төленетін біржолғы жәрдемақы - 164 350 теңгені, 4 және одан көп бала туғанда - 272 475 теңгені құрайтын болады.
  • Көпбалалы отбасына ай сайын берілетін жәрдемақы төрт балаға –69 330 теңге, бес балаға – 86 673 теңге,алты балаға – 104 017 теңге мөлшерінде төленеді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көпбплплы отбасыларға 4,6 мың алушы жәрдемақы алады.
  • Жалпы аурудың І тобындағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы – 111 873 теңгені, ІІ топ – 89 498 теңгені, ІІІ топ – 61 022 теңгені құрайды.

4) Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамға берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері - 81 871 теңгені құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрдемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика