AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылы Алматыда бизнесті қолдауға 70 млрд теңге...

2025 жылы Алматыда бизнесті қолдауға 70 млрд теңге бөлінді

Әлеумет 12.05.2025, 09:33 876 Bakyt
2025 жылы Алматыда бизнесті қолдауға 70 млрд теңге бөлінді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Биыл «Алматы Бизнес – 2025» өңірлік бағдарламасы аясында 8 жоба қаржыландырылды

2025 жылы Алматыда бизнесті субсидиялау, кепілдендіру және несиелеуге бюджеттен 70 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде жергілікті бюджеттен – 52,8 млрд теңге, республикалық бюджеттен – 17,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

2025 жылдың 1 наурызына дейін жалпы несие сомасы 18,8 млрд теңге болатын 197 жоба қолдау тапты. Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында субсидиялау және кепілдендіру құралдары арқылы 16,6 млрд теңгеге 135 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде субсидиялау үшін 30 млрд теңге бағытталып, 100 жоба 14,8 млрд теңгеге қолдау алды.

Кепілдендіру құралына бөлінген қаржы көлемі 1,6 млрд теңге болды, 35 жоба – 1,8 млрд теңгеге қаржыландырылды. Гранттарға 200 млн теңге бөлініп, байқау 2025 жылдың соңына дейін өткізіледі.

Жалпы алғанда, 2025 жылы субсидиялау және кепілдендіру құралдары арқылы Бірыңғай кешенді бағдарламаның бюджеті 31,8 млрд теңге болды.

«Алматы Бизнес – 2025» өңірлік бағдарламасы аясында биыл бұрынғы кезеңнің револьверлік қаражаттары есебінен жобалар қаржыландырылуда. Жалпы несие сомасы 0,3 млрд теңге болатын 8 жоба қаржыландырылды.

Сондай-ақ, «Даму» қорымен бірлесіп, Jana Business өңірлік бағдарламасы аясында 100 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер беріледі. Оның ішінде шағын өнеркәсіптік парктер үшін – 500 млн теңгеге дейін, несие мерзімі – 7 жылға дейін, пайыздық мөлшерлеме – 7%.

Сауда операцияларының тиімділігін арттыру мақсатында Jana Business бағдарламасы жылдық 9,5% мөлшерлемемен факторингтік мәмілелерді қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады. Jana Business бағдарламасы аясында жыл басынан бері жалпы сомасы 1,9 млрд теңге болатын 54 жобаға қолдау көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы бизнес #экономика #қаржы #қаражат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);