AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылға дейін 1,7 млн жаңа жұмыс орындарын құру...

2025 жылға дейін 1,7 млн жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр

Әлеумет 28.10.2021, 13:55 1,355
2025 жылға дейін 1,7 млн жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр
m.123ru.net

Ералы Тоғжанов құрылатын жаңа жұмыс орындары туралы айтты



Елордада өткен «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты республикалық форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов алдағы уақытта құрылатын жаңа жұмыс орындары туралы айтты, деп хабарлайды  almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.




«Үкімет еңбек адамының беделін арттырып, табысын көтеруге бағытталған кешенді нақты жұмыстарды іске асырып жатыр. Біріншіден, әлеуметтік саясатта қарапайым еңбек адамының табысын арттыруға басымдық беріліп отыр. Атап айтқанда, биыл еңбекақы теңсіздігін болдырмауға бағытталған жұмыстар аясында елімізде 900-ге жуық кәсіпорында 600 мыңнан астам жұмыскердің жалақысы орта есеппен 25 пайызға артты. Азаматтық қызметшілер жалақысы орта есеппен 19-дан 45 пайызға дейін көтерілді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының шешімімен келесі жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері артатын болады. Нәтижесінде, 1,7 млн жұмыскердің табысы өседі», - деді Е. Тоғжанов.



Оның айтуынша, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Нәтижесінде, жыл басынан бері 1 млн-нан астам адам жұмыспен қамту іс-шараларына тартылып отыр.



«Жұмыссыздықтың деңгейін айналамыздағы жағдайға, пандемияға қарамастан, 4,9 пайыз деңгейінде сақтап қалуға мүмкін болды. Нақты қабылданған шаралардың арқасында осы деңгейде қалыптасты. Сонымен қатар, 12 қазанда Үкімет отырысында бекітілген ұлттық жобалар аясында 2025 жылға дейін 1,7 млн жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр», - деді Үкімет басшысының орынбасары.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #тоғжанов #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Бүгін 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Бүгін 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Бүгін 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Бүгін 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);