AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2024 жылы алматылық донорлар 15 мың литрден астам...

2024 жылы алматылық донорлар 15 мың литрден астам қан тапсырды

Әлеумет 22.01.2025, 10:50 1,264
2024 жылы алматылық донорлар 15 мың литрден астам қан тапсырды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қалалық қан орталығының (ҚҚО) директоры Жандос Надиров Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қан қызметінің 2024 жылғы жұмыс қорытындысы туралы айтты.

ҚҚО еліміздегі донациялар саны бойынша Астана қаласындағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығынан (ҒӨО) және Шымкенттегі ҚҚО-нан кейінгі үшінші орында, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бір  жыл ішінде 19788 қан донациясы жүргізілді, 15659 литр донорлық қан дайындалды және 38607 доза қан компоненттері берілді.

Спикердің мәліметінше, қан компоненттерін бір жылда 8665 пациент алған, ал трансфузиялардың жалпы саны 37347-ні құраған.

Надировтың айтуынша, жұмыстың маңызды бөлігі жылжымалы контейнерлермен барып қан тапсыру болды, олар жалпы санның 38,1%-ін құрады. Мұндай іс-шаралар әскери бөлімдерде, жеке және мемлекеттік ұйымдарда, соның ішінде Халық лайфте, Яндексте және басқа да орындарда  өткізіледі.

«Жылжымалы қан тапсыру сапарлары туралы БАҚ-та жарияланып, әлеуметтік желілерде белсенді түрде хабарланады. Біз донорлыққа адамдарды көптеп тартуға тырысамыз, өйткені әрбір қан тапсырушы үш адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін», - деп атап өтті ҚҚО директоры.

Оның деректері бойынша донорлардың негізін Алматы тұрғындары құрайды -70%, ал 30%-ы облыстан келеді. Донорлардың жартысы - 18 бен 35 жас аралығындағы жастар.

«Донорлық – бұл мұқтаж адамдарға көмектесу ғана емес, сонымен қатар денсаулықты қалыпта ұстау тәсілі. Біз жылына кем дегенде бір рет қан тапсыруды ұсынамыз», - деді ол.

Надиров Қалалық қан орталығы донорлық мәдениетті дамытуды жалғастыра отырып, қала және облыс тұрғындарының денсаулығы мен өмірін сақтап қалуға үлес қосатынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қан тапсыру #донор #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);